Парламент • 01 Маусым, 2017
«Прокуратура туралы» заң жобасы мақұлданды
Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Прокуратура туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды. Прокурорлық қадағалаудың шегі нақты айқындалған конституциялық реформаның жалғасы болып табылатын бұл құжат Парламент Мәжілісіне Елбасының заңнамалық бастамасы ретінде келіп түскен болатын.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Қызылордадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жаңартылды
Қызылордадағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті. Қаладағы тарихи орындардың бірі саналатын мемориалды жаңартуға облыстық бюджеттен 142 миллион 470 мың теңге бөлінді. Жоба бойынша шағын аллея мен арнайы тағзым ететін орындар салынды. Жарық шамдары орнатылып, кеспе тастар төселді.
Үкімет • 01 Маусым, 2017
Келелі мәселелер қозғалған кеңес
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Әскери соттардың осы жүйеде алатын орны ерекше
Бүгінгі таңда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан мемлекеттілігін өркендету мақсатында сот төрелігін дамыту және жаңа өзекті мәселелерді шешу маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылғандай, осы мәселелерді іске асыру сот төрелігінің тиімділігін арттыруда кезекті қадам болып табылады. Осы орайда, біз Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдоллаға жолығып, сот жүйесіндегі басты өзгерістер мен республика әскери соттарының 25 жылдық қызметін және саланы әрі қарай дамытудың басымдықтары туралы әңгімелескен едік.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Бүгін Астанада балалардан жол ақысы алынбайды
Астананың қоғамдық көліктері балалар мерекесіне ашық есік күнін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Elorda.info.