Аймақтар • 01 Маусым, 2017

Бүгін Астанада балалардан жол ақысы алынбайды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың қоғамдық көліктері балалар мерекесіне ашық есік күнін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Elorda.info.

Бүгін Астанада балалардан жол ақысы алынбайды

«1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар үшін қоғамдық көліктерде тегін жол жүру ұйымдастырылады», - делінген Astra Bus қосымшасының хабарламасында.

Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанда жыл сайын кеңінен аталып өтіледі. Бұл мереке демалыс күні болып жарияланбаған, алайда елде түрлі іс-шаралар мен халықтық серуен өткізіледі.