Аймақтар • 08 Маусым, 2022
Бүгін, яғни 8 маусым күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығы күшіне енеді.
Референдум • 08 Маусым, 2022
Халық қолдауы – батыл өзгерістерге сенімді негіз
Ел билігінің тізгіні қолына тиісімен-ақ көпшілік көкейіндегіні дөп басып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың игі бастамаларына халқымыз қуана қолдау білдіріп, зор үміт артты. Ескі мен жаңаны «кілем астындағы» арпалысқа түсірген саяси және экономикалық реформалар қарқынын «Қасіретті қаңтар» оқиғасы барынша жылдамдатып, керітартпа күштердің саясат сахнасынан ығыстырылып, халық күткен өзгерістердің кең өріс алуына жол ашып берді. Ата Заңға аса маңызды түзетулер енгізу мақсатында өткізілген республикалық референдумның алдын ала белгілі болған қорытындылары – соның айғағы.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
Мұнайлы өңірдің шаруаларын шалғын көбелегінің шырғалаңы алаңдатып отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Индер, Махамбет аудандары мен Атырау қаласының маңындағы егін алқаптарын, жайылымдарды шалғын көбелегі қаптап, зиянын тигізіп жатыр.
Білім • 07 Маусым, 2022
«Егемен» көтерген мәселе оң шешімін тапты
Ел газетінде көтеріліп, оң шешімін тапқан мәселе көп-ақ. Соның жарияланып жатқаны аз. Бірақ мына бір жаңалықты ауыз толтырып айтуға болатындай. Себебі қаншама ата-ана мен оқырманымызды қуантатын шешім секілді.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Бұрынғының үлкендері «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деп отырушы еді. Ал қазір үлкеннің көңілі балаға емес, басқаға ауатын секілді. Басқа дегеніміз, әрине сан алуан смартфон. Жаңа технологиямен шығарылған смартфондар баршаның көңілін аулап, әлеуметтік желінің қызығына батырып жіберді.