Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қарағандыны абаттандыруға 9,6 млрд теңге бөлінді
Кеншілер астанасы алдағы уақытта тіпті де ажарлана түспек. Бұл бағытта облыс және қала басшылығы тарапынан ауқымды жобалар қолға алынуда. Оларды жүзеге асыруға қажетті қаржы көзі де қарастырылған. Мысалы, биыл Қарағандыны абаттандыруға бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 421 аула, 46 орамішілік жолдар жөнделеді. Қаладағы 119 жаяу жүргіншілер жолдарына фальдар салынады және 269 балалар мен спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ, бюджет есебінен 212 көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырлары ретке келтіріледі. Аталған бағдарлама бойынша 1400 жұмыс орны құрылады. Ең маңыздысы сол, мұның жартысына жуығы қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркелген тұрғындарға тиесілі болады.
Коронавирус • 04 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: КВИ жұқтырғандар саны мыңнан асты
Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 68 тұрғыннан коронавирус инфекциясының белгісі табылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ кеше КВИ-мен ауырған бір науқастың қайтыс болғаны ресми тіркелді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Павлодар облысында жыл басынан бері жол апатынан 11 адам көз жұмған
Сондай-ақ жол ережесін бұзғаны үшін 25 мың тұрғын жауапқа тартылды. Статистикаға сәйкес жол-көлік оқиғаларының басты себебі - жол ережесін сақтамау, деп хабарлады pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Шетел валютасымен ипотекалық несие беру мәселесі Алматыда талқыланды
Бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда «Кейбір заңнамалық актілерге шетел валютасымен ипотекалық несие беру және төлем қызметі нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Жамбыл облысында балық шаруашылығы өзекті күйінде қалып отыр
Жамбыл облысында балық шаруашылығын дамыту мәселесі әлі маңызды күйінде қалып отыр. Кезінде балық өсірумен аты шыққан аймақтың даңқын қайта жаңғырту жолында бүгінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта Жамбыл ауданының «Сандель» шаруа қожалығының балық тәлімбағы аумағында семинар-кеңес өтті. Жиын барысында саланың жағдайы туралы жан-жақты талқыланды. Семинар-кеңеске Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, балық шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері мен облыстың әр түкпірінен балық жемін өндіретін компания мамандары қатысты.