Пікір • 04 Маусым, 2020
Қазақстанды төрткүл дүниеге танытып, еліміздің тәуелсіздігін әйгілеп тұрған мемлекеттік рәміздеріміз – өткеніміз бен бүгініміздің және болашағымыздың арасындағы тарихи сабақтастықтың жарқын көрінісі деп білемін. Отанымыздың жаңа тарихының қастерлі беттері мемлекетіміздің басты нышандары – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран, Мемлекеттік Елтаңба қабылданған күнмен тығыз байланысты.
Саясат • 04 Маусым, 2020
Бұрынғы Жоғарғы Кеңестің баспасөз қызметі тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерін әзірлейтін комиссияның тұрақты істейтін жұмыс тобы болып белгіленген соң, осы жерде кәсіби қызметімізді атқарып жүргендіктен, тәуелсіз еліміздің қасиетті таңбаларының әзірлену процесінің тікелей қатысушысы һәм қабылдану тарихының куәгері болуға тура келгенін газет өтінішіне сай қайта еске алуды жөн көрдік.
Руханият • 04 Маусым, 2020
Жеңімпаз спортшылар үшін қай жарыстың да ең жүрек тербетер кезі туған елінің Әнұранын айтқызып, бейтаныс елде өзіне ғана таныс әрі ыстық әуенді қосыла шырқап тұрған сәті болар, бәлкім. Дегенмен талайдың арасынан топ жарып, жалауымызды желбіретіп, қолын жүрек тұсына қойып, «ал, міне» деп шырқай жөнелуге дайын тұрған сәтте техникалық ақаулардың себебімен гимн шатастырылып не мүлде ортасынан кесіліп, спортшыларымыз жеңістің ең бір ләззатты сәтін сезіне алмай қалған жағдай кездесіп қалады.
Саясат • 04 Маусым, 2020
Нышанға нұқсан келсе, елдікке сын
Елдігіміздің ерекше белгілері – Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз. Еңсеміз тік, рухымыз асқақ, беделіміз биік болуы үшін осынау рәміздерімізді қашанда қасиет тұтып, қастерлеуіміз керек. Сондықтан Тәуелсіздіктің бойтұмарындай нышандарымызды нұқсан келтірмей пайдалану және қадірін арттыра насихаттау жұмыстары – Президент жанынан құрылған Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның ұдайы қадағалауында.
Сұхбат • 04 Маусым, 2020
Жандарбек Мәлібеков: «Күн таңбалы Ұлы дала еліміз»
Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деген еді. Тәуба, сан алуан іс-шараның салтанатты ашылуында Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалып жатады. Егемендіктің бір нышаны – Елтаңбаның мәні мен мақсаты, тәлімі мен тағылымы туралы айтпағанда, стандарты жаңа заманға сай жүйеленіп, түрлі өзгеріс енгізіліп отырады. Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековпен арнайы сыр тарқатып әңгімелесудің сәті түсті.