Руханият • 04 Маусым, 2020
Алматының тағдырында Алатаудың орны қандай екенін білу үшін таудан келер тасқынға тосқауыл болып тұрған бөгеттерді бір аралап шықса да жеткілікті. Сонда адам бұл бөгеттердің не үшін салынғанына ой жіберіп, тәтті қиялдан арылып, бір уақ есін жиып алғандай күй кешер еді. Оның көкейінде қандай сұрақтар андыздап бас көтеретінін айтқызбай-ақ түсінуге болады.
Руханият • 04 Маусым, 2020
(Жалғасы. Басы 106-нөмірде) Халықты Совет өкіметіне қарсы қою үшін жер-жердегі троцкийшілдерге бай-кулактарды қолдағы байлықтарын қорғауға, билікке бағынбауға астыртын үгіттеу туралы нұсқау берілгені сөзсіз. Бұлай деу себебім: журналшы жолым басталған жылдары «ашаршылық», «халық жауы» туралы жазуды ойладым. Ол сұмдықтар жайында сан қилы сөздерді мен де естіп өстім ғой. Жазуды ауылымыздың көнекөз, кәріқұлақ ақсақалдарымен әңгімелесуден бастадым. Бес қарт бар еді, солардан естігендерім: Біздің өңірде «колхоздастыру» жүргізіле бастаған 1931 жылдың жазында ауылға жоғары жақтан «ұжымдастыруды қолдау насихатын жүргізу үшін» келген қаратаяқ қазақ жігіт жұртты жинатып, «Совет өкіметінің коллективизация саясаты халыққа жақсы болатыны» жайында құлшына сөйлейді де, жиналыстан кейін, іңірде, Жамабек байды және алты орташаруаны оңашалап алып, оларға: «Совет өкіметінің беті жаман! Мен мұны сіздерге ғана айтып отырмын, көпшілікке айтуға болмайды, сотталып кетемін. Бұл өкімет «колхоз болу дұрыс» деген алдаумен малдарыңды түгелдей тартып алып, ортаға салады. Көнбегендеріңді жер шетіндегі итжеккен деген, мұз басып жатқан айдалаға айдап сорлатады! Ол ол ма, дүние-мүліктеріңе қоса қатындарың мен қыздарыңды ортақ етіп алады! Сол қиянатты естіген қазақтар «Сәбетке бұйырғанша, ит-құсқа бұйырсын!» деп, малдарын сай-салаға апарып қырып салған, өзенге тастап, ағызып жіберген. «Адамның тілінен аспандағы бұлт айналады» деген – сол. Советке іштей қарсы арандатушылар табиғаттың тарынуынан басталған ашаршылықты солайша асқындырыпты.
Қазақстан • 04 Маусым, 2020
Еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін айқындап тұрған мемлекеттік рәміздеріміз қашанда қадірлі. Сондықтан болар, Елтаңба десе, ет жүрегіміз елжіреп, көк Байрақ желбірей көтерілсе, рухымыз атойлап, Әнұран айтылса, алпыс екі тамырымыз иіп шыға келеді.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
COVID-19: Алматыда 2167 сауда орны тексерілді
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топ күнделікті жұмыс жүргізіп отыр.
Аймақтар • 03 Маусым, 2020
Шығыс Қазақстан: Көкпекті ауданында мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды
Адам шығындары мен зардап шеккендер жоқ.