Саясат • 03 Маусым, 2020
Жаңа мақсат-міндеттер айқындалды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысында отандық білім және ғылым мәселелерін күн тәртібіне қойып, баяндама жасап, нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындап беруі, бұл салада уақыт талабына сай оң өзгерістердің орын алатындығы қуантады.
Пікір • 03 Маусым, 2020
Саланың дамуы қаржыға байланысты
Біздің орталықтың, басқа да ғылыми ұжымдардың агробизнестегі осыған дейін жеткен ғылыми жетістіктері аз емес. Әйтсе де, мемлекет тарапынан берілетін көмекке әлі де мұқтажбыз. Мәселен, ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа бейімділік қасиеті күннен-күнге азайып бара жатқаны мәлім. Бізді алаңдататыны да сол. Қара топырақтың құнарын арттыру үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мәселеде ғылыми ізденістерге зәруміз.
Пікір • 03 Маусым, 2020
Білікті мамандарға көңіл бөлгені қуантады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласында қалыптасқан өте маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Бірінші кезекте, дәрігерлік қателіктер мен клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық қудалауға қатысты мәселені сөз еткені баршамызды бей-жай қалдырмайды.
Пікір • 03 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы ең маңызды білім мен ғылым саласындағы қордаланған мәселелерді талқылауға және шешімін табуға арналды. Отырыста өзекті ойлар айтылып, нақты мақсат-міндеттер айқындалды.
Әлем • 03 Маусым, 2020
Тарихшы, Мэриленд университетінің профессоры Сара Камеронның «Аштық жайлаған дала: ашаршылық, зорлық және кеңестік Қазақстанды орнату» атты кітабы жарық көргенде ел газеті алғашқылардың бірі болып автормен сұхбаттасып, ақжолтай жаңалықты ғылыми ортаға, оқырман қауымға қуана жеткізген болатын. Мінекей, араға көп уақыт салмай аталған құнды еңбек қазақ тіліне аударылып, қалың оқырманға жол тартып отыр.