Пікір • 01 Маусым, 2020
Ұсыныстар жарқын болашаққа бастайды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы еліміздегі адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арналды. Шын мәнінде адам капиталы – кез келген қоғамның даму бағдарын айқындайтын басты қозғаушы күштердің бірі.
Пікір • 01 Маусым, 2020
Уақыт талабымен үндескен бастама
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталын дамытуға арналған бірқатар маңызды мәселені қозғады. Соған байланысты нақты тапсырмалар берді. Мұндай формат елімізде қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Әдебиет • 01 Маусым, 2020
Кристиан Мунджиу. 4 ай, 3 апта және 2 күн
Әйел құқығы, гендерлік теңдік мәселелері көтеріле қалса, «сол баяғы ашулы феминистер ме?» деп қолды бір сілтейтін біздің қоғам бұл тақырыпқа әлі де болса дайын еместей. Десе де қоғам мен мәдениеттегі әйел бейнесі, орны және рөлі өзекті мәселе ретінде қызық әрі тез дамып келеді. Әсіресе кинематографияда соңғы онжылдықта алдыңғы қатарға шықты.
Руханият • 01 Маусым, 2020
Қазақ әдебиеттану, әдеби сын саласында өзіндік стильдік өрнек қалыптастырған ұлы тұлғалардың бірі – ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер Рымғали Нұрғали еді. Тұңғыш кітабы «Трагедия табиғатынан» көзі тірісінде соңғы шыққан кітабы «Толғауы тоқсан қызыл тілге» дейін жарияланған сын, зерттеу, монографиялардан тұратын мол мұрасының қай-қайсысын оқысаңыз да суреткерлікпен сабақтасатын, сырлы сұлу сөздермен өрнектелетін талдау үлгісіне еніп кетесіз. Әрқайсысында әдебиеттің жеке-жеке мәселелері сөз болатын жоғарыда аталған екі кітапқа қоса «Талант тағдыры», «Күретамыр», «Өнер алды – қызыл тіл», «Өнердің эстетикалық нысанасы», «Поэтика драмы», «Айдын», «Телағыс», «Қазақ революциялық поэзиясы», «Арқау», «Әуезов және алаш», т.б. еңбектерінде әмбебап дарынның көп қырлы, сан салалы шығармашылық бітімі айқын көрінеді. Талдау өнерін шығармашылық қиялмен тоғыстыра алу талантымен бірге үздіксіз іздену, өнердің, әдебиеттің күнделікті даму процесіне жіті ой, биік талап тұрғысынан қарап араласып отыру, қаламгерлік қайрат таныту Рымғали Нұрғали өнерпаздығының өнегелік сипаты десек артық айтқандық емес.
Қоғам • 01 Маусым, 2020
Төрт жүзге жуық ауыл ғаламтордың игілігін көреді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 393 ауылға талшықты-оптикалық байланыс желісі салынған. Бұл ауылдық елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жобаны іске асырудың нәтижесінде мүмкін болды.