Аймақтар • 25 Маусым, 2019
«Бармасаң, келмесең жат боласың» дейді халық даналығы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев бірде Үкімет мәжілісінде жеке бір князьдік құрғандай астамсып, бір-бірімен байланысы жоқ, бірінде жоқты екіншісі толтырып экономикалық қатынас жасай алмай отырған аймақ әкімдерін сынға алған еді.
Аймақтар • 25 Маусым, 2019
Иә, 14-16 маусым күндері Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтті дүркіреп.
Қоғам • 25 Маусым, 2019
Орган алмасқаннан өмір тоқтамайды
Донорлық орган арқасында мына жалғаннан үміті үзілердей болған қанша жан отбасына оралып, қуаныш құшағына бөленді десеңізші?! Дәрігер мен донор сыйлаған өмір оларды қатарға қосып қана қоймай, спортпен шұғылдануына да жол ашады. Керемет емес пе! Нұр-Сұлтан қаласында диализдегі емделушілер және ішкі органдарына трансплантация жасалған адамдар арасындағы Ұлттық спорттық ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Әлем • 25 Маусым, 2019
БҰҰ Сауд ханзадасына ресми айып тақты
БҰҰ былтыр аса жауыздықпен өлтірілген саудиялық журналист Жамал Хашогги (немесе Хашкуджи) өліміне қатысты арнайы зерттеу жүргізіп, есеп дайындады. Оның алғашқы нәтижесін бұл іске жауапты болған Агнес Каламар жариялады. Ол журналист өліміне Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салман және осы елдің басқа да азаматтары жауапты деген қорытындыға келді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі бұл баяндаманы мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты, тіпті, құжатта өзара үйлеспейтін материалдар бар деп мәлімдеді.