Ақтөбе • 22 Маусым, 2017
Бизнесті қолдау – экономиканы дамыту
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы негізінен бизнестің өрісін өсіруге бағытталған деуге болады.
Ақтөбе • 22 Маусым, 2017
Шалғай ауылға шарапаты тиген бағдарлама
Іссапармен шалғайдағы Темір ауданында болып тарихы мол өңірде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында нендей істер тындырылғаны жөніндегі жәйттерге қаныққан едік. Бұл бағытта ең алдымен алдымызға аудан тұрғындарының 87 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылғаны жөніндегі дерек тартылды. Мұны қанағат тұтуға тұратындай көрсеткіш деуге болады.
Ақтөбе • 22 Маусым, 2017
Оқушылар демалатын лагерьлер жазғы каникул кездерінде маусымдық сипатта ұйымдастырылатыны белгілі. Бұған көз де үйренген. Көңіл де орныққан. Ал бұған дейін елімізде жас жеткіншектерге арналған тұтас жыл бойы демалу лагері болып көрмегеніне де бәс тігуге де болады. Осындай алғашқы қадам Ақтөбе аймағынан бастау алып отыр.
Ақтөбе • 22 Маусым, 2017
Ақтөбе еліміздегі келешегі кемел өңірлердің бірі. Мұнда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жан-жақты өсіп-өркендеуге барлық қолайлы жағдайлар қалыптасқан.
Ақтөбе • 22 Маусым, 2017
Ақтөбе адымы: белесті бес басымдық
Ақтөбе облысының тоғыз жолдың торабында орналасуы, көлік-логистика қызметінің оң жолға қойылуы және энергетикалық ресурстардың молдығы да оның жүйе түзуші кешен ретіндегі орнын айқындай түседі. Еліміз үшін басты рынок саналатын Ресейге шығатын қақпамыздың бірі де осында. Осы арқылы оңтүстік және орталық аймақтағылар Каспий теңізіне шыға алады. Осы орайда әлеуметік-экономикалық дамуға қатысты алғанда облыстың бес саусақтың саласындай бес бірдей ерекше сипатқа ие екенін айтқан жөн.