Құнанбай мешітінің алғашқы айшығы қайда?
Кешегі коммунистік идеология, атеистік қасаң көзқарастар қазақ тарихына зор нұқсан келтіргені айдай ақиқат. Сұрқия саясаттың суық қолынан діни сауаты күшті қасиетті молда-ишандар, сопылар, Құранды жатқа білетін қарилар, мешіт, медреселер көп зардап шекті. Олардың қатарында Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешіті де бар еді.
Нәзір Төреқұлов XX ғасыр басындағы ұлы өзгерістер кезеңінде тарих толқынымен сахнаға шыққан күрескер. Дүниетанымы демократиялық бағытта қалыптасқан мемлекет және қоғам қайраткері.
Автобуста өзіңнен жасы үлкен адамға ұшып түрегеліп орын беру үшін кісіге соншалық көп ақылдың керегі жоқ-ау. Отбасында адам қандай тәрбие алса, көшеде, қоғамдық орындарда мұнысы тайға таңба басқандай көрініп тұрады емес пе? Бірақ қай ата-ана «автобуста көзіңді тас жұмып, құлаққабыңды киіп отыра бер» деп үйдегі баласының санасын бөтен оймен лайлайды дейсің. Соған қарағанда, адамның мәдениетті болмағы үйдегі алған тәрбиесіне қоса, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» деп Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы айтпақшы, әр адамның өмірден дұрыс сабақ түйіндей білуіне байланысты болса керек-ті.
Білім • 22 Маусым, 2017
Болашақта қандай мамандықтар пайда болады?
Соңғы жүргізілген зерттеу нәтижелері жұмыс орындарының көпшілігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетті. Яғни, қазір бізге таныс мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін.
Білім • 22 Маусым, 2017
Жаңа форматтағы ҰБТ: алғашқы лек қалай тапсырды?
Бүгінгінің басты тақырыбы – ҰБТ. Қазір еліміздің барлық өңірінде келешегінен үміт күткен түлектердің алабұртқан алаңдаулы шағы. Өйткені, баланың он бір жылғы жиған білімінің бір нәтижесі осы ҰБТ қорытындысымен тиянақталады.