Өнер • 25 Маусым, 2021
Елордадағы Ұлттық музей қорында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің аңыз болған өткір қайшысы мен бәкісі сақталған.
Әлем • 25 Маусым, 2021
Әлемдік аренадағы беделді әдеби сыйлықтардың бірі – Халықаралық Букер сыйлығы. Бұл марапаттың биылғы жүлдесі француз жазушысы Дэвид Диопқа бұйырды. Британдық тәуелсіз Pushkin Press баспаүйінен басылған «Жан бауырым» (Frère d’âme) романы қазылар алқасын таңғалдырған деседі. Айта кетейік, жеңімпаз есімін Ковентри соборында өткен салтанатты рәсімде қазылар алқасының төрағасы, британдық жазушы Люси Хьюз-Халлетт жария еткен еді.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Тәуелсіздік жетістіктері талқыланды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес», деген еді. Өткен уақытты сараласақ, Тәуелсіздіктің 30 жылында ел тарихында үлкенді-кішілі көптеген жұмыстар атқарылды: экономикамыз қарқынды дамып, әлеуметтік салаларда бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткіздік. Сонымен қатар мәдени-рухани өмірімізде де бірталай өзгеріс орын алды.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Бұғытының байлығы ел игілігіне қызмет етуге тиіс
Қазақтың кең даласының асты да, үсті де байлыққа толы. Сол қойнауларда жатқан қазба байлықтарды зерттеп, зерделеп, ел игілігіне асыру бүгінгі күннің басты талаптарының бірі әрі бірегейі. Кезінде Кеңестер Одағы заманында жоғарыға жаутаңдап, өзіміздің жеріміздегі байлықты игеруге рұқсат алудың өзі түйіні қиын мәселе болып саналғанын сол жылдары іс басында жүрген жандар жақсы біледі.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Инфрақұрылым мен логистика аймақтың экономикалық қуатын арттырады
Экономиканың қарқынды дамуына әсер ететін негізгі көрсеткіштің бірі – өнеркәсіпке бағытталған жеке инвестицияның үлесі болса керек. Бұл бағытта Алматы облысында айтуға тұрарлықтай жетістік бар. Аймақта биылдың өзінде 85,7 млрд теңге инвестиция тартылып, өндіріске құйылған қаржы көлемі бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,6 пайызға өскен.