Өнер • 24 Маусым, 2021
Кенжеғали Мыржықбай: Шыңғыстаудан Маңғыстауға, Өскеменнен Қаскелеңге дейін аралап ән салдым
Футбол • 24 Маусым, 2021
Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні футболдан Еуропа біріншілігінің топтық турнирдегі соңғы сайыстары өтті. Севильяда Словакия мен Испания күш сынасса, Санкт-Петербургте Швеция мен Польша шеберлік байқасты. Осы матчтар аяқталғаннан соң Германия мен Мажарстан және Португалия мен Франция арасындағы тартысты тамашаладық. Бір кереметі, бұл бәсекелердің барлығы да ірі есеппен аяқталды.
Қазақстан • 24 Маусым, 2021
Тағдыршешті маңызы бар тарихи қадам
Әкімдерді сайлау мәселесін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1998 жылы көтерген. Ауыл әкімінің алғашқы тікелей сайлауы Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған селосында 1999 жылы болды. Бұл сайлауға 7 үміткер түскен. Дауыс беруге сайлаушылардың 62% қатысып, Шамалған селосының әкімі болып сайланған Қайрат Байбақтынов сайлаушылардың 52,7% сеніміне ие болған еді.
Қазақстан • 24 Маусым, 2021
Ауыл әкімін сайлайтын күн алыс емес
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Қоғамдық пікір сауалдамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн» деген болатын. Президенттің бұл бастамасы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіліп, елде алдағы жауапты саяси науқанға әзірлік жүргізіліп жатыр. Мәселен, күні кеше Орталық сайлау комиссиясы ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде отырыс өткізді.
Қазақстан • 24 Маусым, 2021
Кибершабуылға қалай тосқауыл қоямыз?
Биылдан бастап ІІМ Алматы академиясында киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін қызметкерлер арнайы маман ретінде даярлана бастады. Бұл қарапайым адамдарды қан қақсатқан мұндай қылмыстың күн санап көбейіп бара жатқанын аңғартады. Бір шетінен соңғы кезде тым жиілеп кеткен онлайн алаяқтарға қарсы күрестің тағы бір тың тәсілі іске қосылмақ.