Спорт • 24 Маусым, 2022
Үндістанның бас шаһары – Делидегі Индира Ганди атындағы жабық стадионда велотректен ересектердің 41-ші, жасөспірімдердің 28-ші және пара-спортшылар арасындағы 10-шы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын Сары құрлық біріншілігіне биыл 15 елдің үздіктері жиналды. Мұнда Париж Олимпиадасының іріктеуіне ұпай беріледі.
Спорт • 24 Маусым, 2022
«Бәйтеректен» бастау алған Amanat CUP
Елордада Amanat партиясының ұйымдастыруымен Amanat CUP бірінші республикалық шахмат турнирі өтті. Сайысқа 8-35 жас аралығындағы екінші және одан жоғары разрядтағы 200-ден астам қатысушы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңында бақ сынады.
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Архив саласы – жас ұрпақтың болашақтағы рухани азығы. Оны зерделеу, зерттеу, бағамдау, ой сүзгісінен өткізу солардың еншісінде. Ендеше, жастарды мұрағат ісінен хабардар ету елге парыз. Бүгінде бұл өнегелі істі Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві қолға алып отыр. Қазірдің өзінде арнайы іс-шаралар ұйымдастырып, жас мамандарды тартып жатыр.
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Көкмайса жайлау жайлаған, желіге құлын байлаған ата қазақтың сан ғасыр бойы жалғасып келе жатқан әдемі дәстүрінің бірі – қымызмұрындық. Уақыт шымылдығы тұмшалаған, солтүстіктегі ел жадынан өшуге аз-ақ қалған игі дәстүр қайта жаңғырып, тәмам ел бір серпіліп қалды.
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Есірткіге еліткендердің саны азаймай тұр
Нашақорлық және есірткіге қарсы күрес әлем елдерінде қай кезде де өзекті мәселе саналып келеді. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіргеніне қарамастан, есірткіге есі кеткендердің қарасы азаймай тұр. «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында еліміз бойынша қанша адам есірткінің арбауына түскені, олардың қаншасы әйел, қаншасы жасөспірім екені айтылды.