Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Қауіпсіздік сертификатынан туған ой
Әңгіме «қауіпсіздік» жайлы ХХІ ғасырдың өзіндік сын қатері бар екенін бұқара жақсы біледі. Соның ішінде ақпараттық тұрғыда да түрлі қатер төнуі мүмкін екенін мойындаймыз. Мемлекет елдің ақпараттық тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салып жататыны бар. Бірақ соңғы бірнеше күндегі оқиғалар ақпараттық қауіпсіздігімізге қатысты шаралардың азаматтар мен ел мүддесіне қызмет мақсатында емес, қалың бұқараның не оқып, нені тыңдап жүргенін тұтастай бақылауға бағытталғандай көрінгені бар. Өйткені байланыс операторлары аяқ астынан «қауіпсіздік сертификатын орнатыңдар» деп жар сала бастады. Ал мұнысы «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» кері тәрізді көрінген. Себебі ақпараттық қауіпсіздік мәселесінде салғырттық танытқан бұқара емес, мемлекеттік құрылымдар еді.
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Арыс әскери қоймасындағы жарылыстың салдарын жоюдан атыраулықтар да тыс қалған жоқ. Кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар 100 млн теңгеге жуық қаражатты арнайы ашылған шотқа аударды. Төрт жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек Арысқа жетті.
Руханият • 22 Шілде, 2019
Жуырда Қазақстан Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы мен ережесі бекітілді.
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
«Шымкент құс» күніне 250 мың дана жұмыртқа шығарады
Шымкенттің құс еті өнімдері шетелдерге де танымал. Бүгінде «Шымкент құс» ЖШС балапан өсіру және тағамдық жұмыртқа алу үшін құс ұстау технологиялық циклымен жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың біріне айналған. 2006 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын күніне 250 мың дана жұмыртқа шығарады. Іргелі фабрикада 250-ге жуық адам еңбек етеді.
Қазақстан • 22 Шілде, 2019
Күтім болмаса, топырақ та тозады
Жер байлығына деген тұтынушылық көзқарастың салдарынан адамзатқа ортақ игіліктің жылдан-жылға құнары азайып барады. Бұл проблема біздің елімізге де қатысты. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаевтың «Тағы бір өзекті мәселе – жерді тиімді пайдалану» деп, осы тақырыпқа арнайы тоқталғаны белгілі. Себебі бар жерді тиімсіз пайдаланудың экономикалық зияны да шаш етектен.