Экономика • 22 Шілде, 2019
Агросектор ғылыммен ұштасқанда ғана дамиды
Адамзаттық ақыл-ой мен ғылымға арқа сүйеген ауыл шаруашылығын алға сүйреу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Халықты отандық табиғи, экологиялық тұрғыда қауіпсіз, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету аса маңызды.
Сұхбат • 22 Шілде, 2019
Рухани құндылықтарды құнттауға жұртшылықтың ықыласын оятуымыз керек
Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өзектілігімен жұрттың көкейіндегіні дөп басқан еді. Онда Елбасы ұлттық бірегейлікті сақтауға, өткеннен сабақ алып, тарихқа құрметпен қарауға шақырып, жас ұрпақтың бойында туған жерге, атамекенге деген патриоттық сезімді тәрбиелеуді тапсырған болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев он басымдықтың сегізінші түйінінде осы бағдарламаны дамыту керектігін, «Рухани жаңғыру» құндылықтары ұлтымыздың жасампаздығын арттырып, бәсекеге қабілеттігін нығайтатынын айтты. Бағдарлама аясында Қостанай өңірінде де көптеген істер атқарылды, алда тұрған игі мақсаттар да бар. Облыс әкімінің орынбасары Марат ЖҮНДІБАЕВПЕН әңгімеміз осы төңіректе өрбіді.
Қоғам • 22 Шілде, 2019
Осыдан екі жылдан аса уақыт бұрын, 2017 жылғы қыс ішінде Қорғалжынға жолым түсті. Сол кездегі аудан әкімі (фамилиясы есімде жоқ) хат апарып бердім. Бұйымтайымның мазмұнымен танысқан әкім өзінің орынбасары мен аудандық оқу бөлімі меңгерушісін шақырып, менің көзімше хаттағы көтерілген мәселенің оң шешімін табуы үшін нақты тапсырмалар берді. Мен нәтижесін күтіп едім, бірақ жауап болмады. Кешікпей ол Қорғалжынмен қош айтысып үлгерді.
Аймақтар • 22 Шілде, 2019
Ұлттық ұлан капитаны Алматыда өртенген үйдің ішінен екі отбасыны аман алып шықты
Оқыс оқиға 18 шілде күні орын алған еді. Жолдың қарсы бетінде будақтап жанып жатқан үйді капитан Әділжан Әкіреевтің көзі шалып қалады. Шешім қабылдап тұратын шақ емес. Түтіндеп жатқан үйге қарай тұра ұмтылады. Таяғанда, үй ішінде көмекке зәру ана мен баланың қалғанын аңғарады. Жаудың өзінен жасқануды білмейтін жан лаулаған жалынға лап қояды. Көрпеге орап, қырқынан шықпаған қызыл шақалақты анасымен қосып аман-есен сыртқа алып шығады.
Қоғам • 22 Шілде, 2019
Халық сенімін ақтау – басты борыш
Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан іс-шаралар мен реформалар ішкі істер саласындағы өзгерістерге оң әсерін тигізіп жатқанымен де, кейбір тұстағы кездесіп қалатын кемшіліктер азаматтардың полицияға деген сеніміне аз да болса селкеу түсіріп қалатыны байқалып жатады.