Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Ауыл әкімдерін сайлауды қазақ қоғамындағы демократиялық жаңғырудың маңызды қадамы ретінде бағалау қажет. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау тұрғындардың тікелей дауыс беруімен өтті. Бұрын елімізде мұндай сайлау болған емес.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Сәтімен жүзеге асқан саяси реформаның жемісі
Ауылдықтар асыға күткен ауыл әкімін сайлау ойдағыдай өтті деуге болады. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл саяси оқиға «Қазақстан тарихындағы маңызды кезең» болып саналады. Ел Президентінің саяси реформалар пакетінің аса маңызды бастамасы іс жүзінде табысты іске асырылып отыр.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Ауылдықтар оң өзгерістер күтеді
Біздің облыста 44 ауылдық деңгейдегі әкімнің тікелей сайлауы 130 елді мекенде өтті. Үміткер болып 168 адам ұсынылды. Олардың 59-ын саяси партиялар ұсынса, 109-ы – өзін өзі ұсынғандар
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Ауыл тұрғындары дауысқа салып, өз әкімдерін өздері таңдап алды. Неше күннен бері үміткерлер округте ауылға шарапаты тиеді-ау деген бағдарламаларын таныстырып, халықпен кездесулер ұйымдастырды. Ал кеше әкім өкілеттілігі аяқталған ауылдар мен кенттерде халық сенім артқан үміткерлеріне дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2021
Азаматтардың белсенділігі айқын аңғарылды
Елімізде алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында Жамбыл облысынан 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 116 үміткер тіркелген. Сондай-ақ әкімдер сайлауына түсуге өтініш білдіргендердің 20 пайызын әйел азаматтар құрап отыр.