Аймақтар • 19 Шілде, 2019
20 әйел «Жәрдем» жобасымен тігіншілік курсынан өтті. Олардың арасында көп балалы аналар, өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен отырған немесе түрлі жайтқа орай үйден шыға алмайтын әйелдер бар. Шараны Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес Тұңғыш Президент – Елбасы қоры мен «Ютария» тігін фабрикасының қолдауымен ұйымдастырды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Әкімдерге бағаны халық беруі керек
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау кезінде берген уәдесін іске асыруға нақты кірісті. Сол кезде айтылып, елдің көңіліне қонған мәселелер Үкіметтің кеңейтілген отырысында айқын көрініс тапты.
Аймақтар • 19 Шілде, 2019
Жұмыс істеу тәсілдерін өзгерткен жөн
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жартыжылдықтағы қорытындыларына тоқталып, атқарылатын маңызды мәселелерді көтерді. Іскер, диплома-тиялық жағдайда өткен отырыста бес министрдің есебі тыңдалды, сонымен қатар төтенше жағдайлар орын алған Арыс, Теңіз сияқты аймақтарға байланысты әкімдердің есебі тыңдалды.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Қазақстандық үлес көбейгенде өндіріс өрге басады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған көптеген мәселелер айтылды. Әрине, Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің экономикасы дамыды, өндіріс те алға басты. Даму үшін жеріміздің асты-үстіндегі байлықтың арқасында мол қаржы салынды. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар жасалды, оған шаш етектен қаржы жұмсалды. Өндірісте шикізаттық үлес басым болып келгені белгілі. Кейінгі жылдары қайта өңдеу саласы да алға басты. Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканың салаларын дамытуда ақсап жатқан көптеген жайларды ашық айтқаны өте дұрыс бағыт деп білемін. Аурудың диагнозын ашық, дұрыс қойғанда ғана оған қарсы емнің шипасы болады.
Қазақстан • 19 Шілде, 2019
Мемлекеттің даму деңгейін ең алдымен экономикалық өсім арқылы біле аламыз. Барлық саланың желкеніне жел үрлеп алға жетелейтін, әлеуметтің жағдайын жақсартатын, тұрақты дамудың даңғайыр жолына апаратын да әуелі мемлекеттің экономикалық табыстары. Бірер күн бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының тамырына қан жүгіртетін негізгі факторларды жіпке тізгендей қы-лып атап көрсетті. Индустрияландырудың әлі де болса өркен жая алмай келе жатқанын тілге тиек еткен Мемле-кет басшысы бұл бағыттағы жұмыс қарқынын барынша күшейтіп, кедергілерді түбегейлі тойтару қажеттігін баса айтқан болатын.