Бизнес • 18 Шілде, 2023
Кәсіпкерлікті тежейтін кедергілер
Мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары аз емес. Алайда экономиканы әртараптандыруға серпін беретін саланың өркен жаюын тежейтін кедергілер де азаймай тұр.
Экономика • 18 Шілде, 2023
Кезінде дастарқан басында шай ішіп, әңгіме соғып отырғанда еліміздің қазба байлығы мол екенін айтып, арабтардай бақуатты ғұмыр кешуіміз керек дейтін едік. Сөйтсек, шынында арабтардың деңгейге жетіп қалғанымызды байқамаппыз. Бұл үшін, әрине, «қара қазан, сары баланың қамын жеген» атқарушы билікке мың алғыс айтамыз.
Аймақтар • 17 Шілде, 2023
Көнекөздер «бұрын Шымкенттің көше бойын жағалаған арықтарынан жазды күндері су сылдырлап ағып жататын» деп айтушы еді. Кейін тоқсаныншы жылдары тоқырау заманы басталғанда мұның бәрі жоғалды. Одан кейін де талай уақыт өзгерді. Қала өз алдына отау тігіп, республикалық мәртебесі бар дербес мегаполиске айналды. Міне, сол тұстан бастап қаланың сәулетіне, оның ішінде ирригациясына, көгалдандыру мәселесіне шындап ден қоя бастады. Арықтардан су сарқырап ағып жатқан бұрынғы көріністі қайта қалпына келтірудің реті мен сәті енді түсіп отыр. Өйткені қала өркениеті қай жағынан алып қарағанда да заман талабына сай дамудың үрдісінен қалмауы керек.
Тарих • 17 Шілде, 2023
Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қ.К.Тоқаев: «Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Жалпы, ономастика саласын тәртіпке келтірген жөн. Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», деген еді. «Жеріңнің аты – еліңнің хаты» дейді халық даналығы. Ендеше, «елдің хаты» – Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік іс болуы қажет. Біз төменде еліміздің ең үлкен қаласы атауының мәнін елдік құндылықтармен байланыста қарап, жүйелі зерттеу жүргізген қайраткер, ғалым М.А.Құл-Мұхаммедтің топонимикалық пайымдауын ұсынамыз.
Тарих • 17 Шілде, 2023
Қазақтың кең даласында қолға үйретіліп, адамзат қажетін өтеген жылқы түлігі – бабаларымыздың ең қадірлі және ең қасиетті жануары. Ат құлағында ойнаған байырғы көшпелі халықты «аттылар әулеті» деп атағаны да тарихтан белгілі. Өйткені, кең байтақ өлкенің тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір салты, әдет-ғұрпы, салт-санасы, бір сөзбен айтқанда, бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланыста болған.