Аймақтар • 19 Шілде, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары баспаналы болды
Үш айдың ішінде Қостанай облысында 57 отбасы үшін тұрғын үй салынды, тағы 315 отбасы үшін үй мен пәтер сатып алынды. Жөндеуді қажет еткен 815 үйді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Шілде, 2024
ШЫҰ-ның географиялық кеңістігі жылдан жылға кеңейіп келеді
Қазақстан бейбітшілік бесігі мен тұрақтылық төріне айналды. Еліміздің қауіпсіздікті көзінің қарашығындай қорғайтын ұстанымы көпке ұстын. Мемлекетіміз осы бағыттан таймай әлемдік аренадағы түйіткілдердің түйінін тарқатуға әркез мүдделі екенін байқатып келеді. Жаһандық сындарлы кезеңде Қазақстан 9 елдің мүддесі тоғысқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төртінші рет төрағалық етті. 4 шілде күні Астанада өткен саяси салмақты саммитте ұйымға оныншы мемлекет болып Беларусь Республикасы ресми толыққанды мүше болды. «ШЫҰ плюс» форматында өткен жиын да жемісін береді деп сенеміз. Бас қалада 16 ел Президентінің басын қосқан саммиттің өзге де сарабдал тұсын саясаткер, Астана халықаралық университеті Жоғары заң мектебінің деканы Нұрбек Исабай сараптап берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Шілде, 2024
Утиль алымға қатысты шешім қабылданды
«ҚР халқы утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы» петицияға қатысты қорытынды жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 19 Шілде, 2024
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотта қаралады
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс сотқа түскенін Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Табиғат • 19 Шілде, 2024
Құландарды көшіру мәселесі талқыланды
Бұл туралы «Алтын-Емел» паркінің инстаграм парақшасынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.