Аймақтар • 18 Шілде, 2019
Алматының Жетісу ауданында қойма өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Спорт • 18 Шілде, 2019
14-22 қыркүйек аралығында Жер жаһанның ең үздік балуандары Алаш топырағына табан тіреп, Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатында күш сынасады. Осы жарыста алғашқы алты орынды иеленген спортшылар келесі жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу құқығына ие болады. Өз елімізде, өз жерімізде, өз жанкүйерлеріміздің көз алдында өтетін байрақты бәсекеде Қазақ елінің өрендері табысты өнер көрсетіп, барынша мол жолдамаға иелік етеді деген сенімдеміз. Бүгінгі әңгімеміз – грек-рим күресі жайында.
Руханият • 18 Шілде, 2019
1890 жылы Санкт-Петербор университетін бірінші дәрежелі дипломмен аяқтаған Барлыбек Сырттанов қазақ халқының мемлекеттік басқару құқығы мен тәртіп-ережелерін жазып, Ресей империясынан бөлек, дербес ел ретінде қалыптасудың жүйелі түрде алғышартын қалыптастырған тұлға.
Руханият • 18 Шілде, 2019
Атырау өңірінде ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген «Елсана» руханият клубының жанынан «Алтын аймақ» жобасы өз жұмысын бастады.
Қоғам • 18 Шілде, 2019
Әбілқайыр хан мен Бопай ханым ұрпақ жадынан жоғалмайды
Бопай ханым – кешегі қазақ қыздарының көшбасшысы болса, бүгінгі қазақ қыздарының үлгі тұтары. Ханымның өмірі мен тегі, күйеуі Әбілқайыр ханға көмекші-кеңесші ретінде ел басқару ісіне атсалысып, талай маңызды мәселелерге ойы мен парасатын, билігі мен беделін араластырған, хан қайтыс болған соң да ел басқаруда айтулы шешімдерге, мәмілелерге қол жеткізе алған ықпалды тарапқа айналған қайраткерлігі әлі толық зерттелген жоқ. Бірақ бүгінге дейін ғалымдар мен тарихшылар ауызымен айтылып, қолымен хатталған деректердің өзі оның қайсар болмысын, қайраткерлік тұлғасын еңселендіре сомдай түседі.