Аймақтар • 11 Шілде, 2018
Атырауда марафон жарысы жиі ұйымдастырылады. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараларға қатысушылар қатары да көбейіп келеді. Бірақ бұл жолғы бәйге басқаша, түнгі Атыраудың көшелерінен 2000-ға жуық желаяқ жүгіріп өтті. Ұйымдастырушылар дода Астананың 20 жылдығына арналған шаралар қатарына енгізілгенін айтады.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Кеңес өкіметімен бірге келмеске кетіп, шежіреге қосылған оқиғалардың бірі – Шопандар тойы. Думанға толы сол дәуренді күндерден қалған естеліктердің бірі – қызылордалық кәсіпқой фототілшінің мына бір сәтті суреті. Ең қымбат, ең жедел фотокамералармен де уысыңда ұстай алмайтын сәтті жібермеген Болат Омарәлиев ағамыз бұл фотоны былай сөйлетеді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Жуықта елорда төріндегі тәуелсіздік шежіресінен сыр шертетін көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық Назарбаев орталығына қарасты Тұңғыш Президент музейінде болдық. Бұл мекеме – 1997-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы орналасқан тарихи орын.
Жазғы спорт • 11 Шілде, 2018
Жаһан жаңалықтары. Буффон ПСЖ қақпашысы атанды
Италияның «Ювентус» клубының экс-қақпашысы Джанлуиджи Буффон Францияның ПСЖ командасының ойыншысы атанды. Бұл туралы Париж клубының ресми сайты хабарлады.
Теннис • 11 Шілде, 2018
Уимблдонда кіл мықтылар ғана қалды
Төрткүл дүниенің ең таңдаулы теннисшілерінің басын қосқан Уимблдон турнирінің аяқталуына санаулы ғана күндер қалды. «Үлкен дулыға» санатындағы айтулы жарыста Қазақстанның қос ойыншысы өнер көрсеткенімен, екеуі де екінші айналымнан аса алмады. Атап айтсақ, сол межеде Михаил Кукушкин әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надальдан ұтылса, Юлия Путинцева ресейлік Дария Касаткинаға жол берді.