Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Жетпіске жуық балаға пластикалық ота жасады
Жуырда «University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында Surgicorps International (АҚШ) тәжірибелі хирургтері отандық мамандармен бірлесіп, күйік шалған, туабітті және жүре пайда болған беттегі, денедегі деформацияларға пластикалық оталар жасады.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Естай (азан шақырып қойған аты Есмағанбет) жайында жазылған еңбек көп емес. Ауызша жеткен естеліктер, жазбаша жеткен сұхбаттар, өмірі мен шығармашылығына байланысты бірлі-жарым ғылыми, танымдық мақалалар бар. Баспадан жарық көрген кітаптарда да, ел аузынан жиналған әңгімелерде де «Естай парасатты адам еді» деген сөз жиі кездеседі. Қазір тоқсанға келіп отырған әншінің немересі Зекен Жанәбілқызы он сегізге келіп ұзатылғанша Естайдың қолында болыпты.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Павлодар – Семей тас жолы бойындағы Новоямышево және Чернорецк ауылдарында көлікпен және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жедел жәрдем бекеттері ашылды. Жедел-жәрдем бекетінің ашылуының алдында ғана Новоямышево ауылына жақын жерде көлік апаты болып, бір адам ауыр жарақаттанған еді. Науқас дереу жаңа санитарлық автокөлікпен облыс орталығына жеткізілді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Қазір жаһанда қатерлі өскіндердің таралуы бойынша бас және мойын қатерлі ісігі 6-орынды иеленеді. Қазақстанда жылына бас және мойын қатерлі ісігімен 2 мыңнан астам адам ауырады. Өкініштісі олардың басым бөлігі дерт меңдеп, аурудың III–IV кезеңіне жеткенде ғана көмекке жүгінеді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Елордада тұсауы кесілген бірегей орталық
1997 жылы Қазақстан хирургтерінің I конгресінде елімізде Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтын ашу туралы мәселе көтеріліп, оның қажеттілігі алқалы жиын қабылдаған қарарда да көрсетілген болатын. Содан кейінгі 3-4 жыл ішінде мақсатты түрде атқарылған ұйымдастыру-құру жұмыстарының нәтижесінде 2001 жылы Астанада аталған институт дүниеге келді. Елордада тұсауы кесілген осынау орталық, бүгінде травматология және ортопедия саласының көшбасшысына айналды. Астананың Арқа төсіне орнығуы отандық медицинаның өрістеуіне, тынысының кеңеюіне жол ашқаны айқын.