Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Кішкене кикілжіңге бола сотқа жүгінетіндер бар. Тіпті әке-шешесімен, бір туған бауырымен дүниесін бөлісе алмай соттың есігін тоздыратындардың қатары аз емес. Мысалы, өткен жылы келінімен келіспей қалған Исатай ауданының тұрғыны сотқа талап арыз беріп, келінін үйден аластатуды сұраған. Іске судья медиатор араласып, тараптар келісімге келді. Өкініштісі сол, мұндай деректер көп.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Адам құқығын сақтауға ұсыныс берілді
Конституциялық Кеңестің «Қарағанды облыстық сотының ұсынысы бойынша «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 5-тармағының конституциялылығын тексеру туралы» нормативтік қаулысы жарияланды. Конституциялық Кеңес «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының сот даулаған нормасын Ата Заңға сәйкес деп тапты.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Баспаналы болу – әр адамның арманы. Сол армандаған баспанасына қол жеткізу үшін біреулер қажетті қаражатты жылдап жинайды. Екінші біреулер несие алады, қарызданады. Ал үшінші біреулер тез арада баспаналы болғысы келіп жеңіл жол іздейді. Алайда осы адамдардың қайсыбірі алаяқтар құрығына түсіп қалып жатады. Әсіресе жеңіл жол іздейтіндер мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып береміз дейтін адамдарға алданады. Осы орайда мұндай алаяқтардың арбауына түсіп, қапыда қалмас үшін нені біліп, не істеу керек деген сұраққа адвокат Сейфулла ШЫҢҒЫС жауап береді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі көне замандағы билер сотынан бастау алады. Тарихқа терең бойлайтын қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінен тізбектелген билер бітімі осы заманғы заңдар үлгісінің өзегінде жатыр.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Нашақорлыққа тәуелділіктен құтқарады
«Сақ адам сандығын бекітеді» дегендей, қатерлі жерде қаперсіз отырмаудың қағидасын ескере бермейтініміз бар. Жаманнан сақтана білген қоғам жанын сақтайды. Жаманның бірі – тәуелділік, ой-сананы құрсауға алған нашақорлық болса керек. Бүгінде елімізде наркологиялық есепте тұрған науқастар саны кемігенімен, инъекциялық есірткілерді қабылдайтын адамдар қатары артып келеді.