Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Маңдайшадан тамған май. Қазақшамыздың қатесін түгендеген қыздардан үлгі алсақ...
Әуелі жағымды жаңалықтың өзгеше мәні елең еткізген. Алдымен қуандық, содан соң қысылдық. Ұят тіпті. Тыңның эпицентрі – Көкшетау қаласында қазақ тілінің кірпігі ғана қимылдап жатқандығы рас. Сол жарымжан тіліміздің жанашыры қаршадай қыздар болғандығы намыстандырады екен. Жаңағы қаршадай қыздар кілең орыс ұлтының өкілдері болса, ұят салмағы еселене түсері сөзсіз.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Дипломаттар қалай дайындалады? Түлектердің арманы ЖОО үшін бизнеске айналды
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне өзгерістер енгізу» туралы заңға қол қойды. Мамандар бұл жолғы өзгерістер, дипломатиялық қызметті құқықтық тұрғыдан жетілдіргенмен, негізгі бағытты тағы да айналып өткенін айтып отыр.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Алыстағы ауыл халқы да бизнес бастауға ниетті. Бірақ ақшаның аздығы қолбайлау, ал несие алуға екінші деңгейлі банктердің талаптары жоғары. Аудандарда банк бөлімшелері де бола бермейді, құжат рәсімдеу үшін қыстың суығы мен жаздың аптабында облыс орталығына қатынау қажеттілігі туады. Бір келгенде жұмысың біте қойса жақсы, сандалып ұзақ жүріп жинаған құжатыңа банк келісім бермесе, еңбегің еш, тұзың сор. Ауылдық жердегі үй-жайдың құны да төмен, тіпті банкке кепілдікке қоюға жарамай қалады. Екінің бірінің жалақысы жоғары кепілгері тағы жоқ. Осының бәрі айналып келгенде кәсіп ашып, нәсіп тапқысы келетіндердің ойларын орындалмаған арман күйінде қалдырып жүр. Қайтпек керек?
Аймақтар • 11 Шілде, 2018
Жезқазғанда жаңа жылыту турбинасы іске қосылды
Жезқазғандағы жылу электр орталығында тәуелсіздік алғалы бергі тарихта алғаш рет қуаттылығы 50 МВт №8 жаңа турбина іске қосылды. Ол қала тұрғындарын қажетті жылу энергиясымен қамтамасыз етіп, стансаның жұмыс тиімділігі мен сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан • 11 Шілде, 2018
Ұн экспортын ұлғайтамыз десек...
Еліміздің астық державасы атанған Қостанай өңірі диірменнен кенде емес. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, Қостанай және Рудный қалаларына шоғырланған сексеннен аса ұн тартатын кәсіпорын бар.