Кино • 20 Шілде, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салқыны әр салада бізге де тиіп жатыр. Біршама уақыт бұрын көрші мемлекетке салынған санкциялардан кейін Қазақстан кинотеатрларында Голливуд фильмдері көрсетілмей қалуы мүмкін деген күмән күшейген еді. Кинонарықтағы өнімдердің 70-80 пайызы ресейлік дәлізбен келетіндіктен, бұл, әрине, көрермен мен отандық дистрибьюторларды алаңдататын жағдай. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі киноөндірісті дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
Экономика • 20 Шілде, 2022
«Жасыл» экономика: Жедел көшпесек, жоғалтарымыз көп
ESG қағидаттарының жаһандық трендке айналғаны мәлім. Бұл бастамаға біздің ел де қосылды. Осыған сәйкес Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына біржола көшуі керек. Әрине, қатардан қалмаған дұрыс. Десе де, мойынға алған міндеттемені ойдағыдай орындау да маңызды. Осы орайда «Қазақстан межелі уақытқа дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізе ала ма?» деген сұрақ туындайды.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Киік санын тиімді реттеу күрделі ғылыми-зерттеуді қажет етеді
Киікті көпсінген күрделі мәселенің күрмеуі әлі де тарқамай тұр. Киелі жануардың санын оққа байлаумен оңтайландырудан басқа шешім ұсына алмаған тиісті ведомствоның басшысы Президенттен сөз естіп, сөгіс алды. Енді жан-жақты ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, киік популяциясын басқарудың жаңа тәсілдері қарастырылады.
Қоғам • 20 Шілде, 2022
Жер дауының көбеюі – ел дамуына кедергі
Жер дауының салқыны ел дамуына да тиіп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысатын өңірлер үшін бұл мәселе өткір. Өкінішке қарай, аталған жағдайдан Алматы облысы да ада емес.
Қоғам • 20 Шілде, 2022
Ана тілін білмейтін ата-ана баласын да орыс тілінде оқытуға мәжбүр
Бір жолдасымның Петропавл қаласындағы орыс гимназиясын үздік бітірген қызы кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алып, елге оралып, қазір бір орталық мемлекеттік органның департаментін басқарып жүр. Ол қазақ тіліне мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін ғана мықтап ден қойып, жұрт қатарлы меңгеріп алыпты және баласын қазақ мектебіне беріпті.