Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Ағыбайдың анасын неге ұмыттық?
Балалары үш жүзге сауын айтып, ас берген атақты Есбайдың есімі қазір ел жадынан өше бастаған. Даланың ауызша тарихынан хабары бар кісілер бұл астың шамамен алғанда ХІХ ғасырдың 60-жылдары өткенін білер еді. Аста бәйгеге екі жүзден астам ат шапқан екен. Бірінші жүлдеге елу жылқы, тай тұяқ жамбы және сегіз қанат ақ орда тігіліпті. Осының өзі-ақ астың қандай ауқымда өткізілгенінен хабар берсе керек...
Өнер • 20 Шілде, 2022
Қазақта «Жиырма беске» арналған ән көп. Көкейді кесіп те, тесіп те түсіретін түр-түрі бар. Көкейді кесіп түсіретін, біз білетін «Жиырма бестің» бірі Үкілі Ыбырайдікі болса керек. «Күрек тісін ақситып, сұлуды құшқан жиырма бес» деп екпіндете шырқалады. Тағы бір «Жиырма бес» қорғасындай балқытады. Бар тамырды қуалап, аса қамырықты орындалады. Әсіресе Шәкен Аймановтың орындауында белгісіз күйге душар етеді.
Руханият • 20 Шілде, 2022
Бала күнгі оқыған дүние адам жадында үнемі сақталып тұратыны бар. Кейінірек тәжірибе жүзінде сол бір даналық шоғыры сана түкпірінен маздап, қылаң береді. Білім мен тәжірибенің ұштасуы білгеннің санаға мықтап орнығуына сеп болса керек. Ал парасат деген не? Парасат дегеніміз білімнің жүрекке еніп, адамның сол арқылы өмір сүруі екен. Егер адам бір жолдың қауіпті әрі пайдасыз екенін біліп, бірақ сол жолмен жүрсе, онда білімі парасатқа айналмағаны деп тұжырымдаймыз.
Таным • 20 Шілде, 2022
Оның жырларында жүрек дірілі, рух толқуы және қазақтың көз жасы мөлдіреп тұр. Бұралаң соқпақ пен қараңғылыққа қамалған құпия сырлар, кеудеден құмығып шыққан тылсым дауыс естіледі. Иә, ХХ ғасырдың терезесіне үнілсеңіз, қатал саясат құрдымға құлатқан Алаш алыптарының бейнесі елестейді. Оның ішінде тағдырға иілмеген тауанды тұлға Ілияс Жансүгіров те бар. Арқырап аққан өзендей адуынды ақынның басына бір бақыт айналып келіп қонарын кім болжапты. Асыл мұрасы, жақұт жазбасы жапырақтарын жайқалтып, салқар көшке сая болды. Ол – Жетісудағы Ілияс Жансүгіров әдеби музейі.
Қазақстан • 20 Шілде, 2022
Ғасырлар бойы жат жұрттың отарлық езгісінде болып, енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде азат елдің шынайы тарихының халықтың санасын нығайту және мемлекеттің жарқын болашағы үшін қандай рөл атқарып, қандай маңызға ие екенін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жаһандану барысында тарихтың рөлінің ерекше өсіп отырғанын күнде көріп отырмыз. Соның нәтижесінде тарихтың атқарар міндеттері арта түсіп, ол – әрі ғылым, әрі білім, әрі тәлім, әрі тәрбие, тіпті саясат пен идеологияға айналып отыр. Тарихтың осындай жауапты міндеттерін дұрыс сезінетін кәсіби тарихшы бола білу, оларды даярлау, оны ұйымдастыру – екінің бірінің қолынан келе бермейді, тек азаматтың азаматының қолынан келсе керек.