Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Қарқаралы – қараусыз, Егіндібұлақ – елеусіз...
Ғаламтор бетін «қолсыз салынған картиналар жолсыз жатқан елді мекен үшін аукционға шығарылыпты» деген жаңалық шарлап кетті. Әуелде, мұндағы қолсыз талант кім, жолсыз ауыл қайсы, көзсіз ерлік қандай дедік? Сөйтсек, өзіміздің өңірдің өлмес хәлі екен... Пікірлер екіұдай. Бір жағы, «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасына таптырмайтын еңбек десе, екінші тарап «қысылғаннан қыз болдының кері» дейді... Біз бейтарап пікірде ғана қалып қоймай, ойды оймен қозғай келе, өзіміздің уәжді алға тартпақшымыз. Сонымен...
Медицина • 12 Шілде, 2017
Президент тарту еткен томограф
Қарағандылық мамандар он жыл бұрын Мемлекет басшысы сыйлаған магнитті-резонансты томографты қайтадан іске қосты. Бұл Қазақстандағы алғашқы томография аппараттарының бірі. Томограф мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы бойынша жөнделді.
Медицина • 12 Шілде, 2017
Медициналық сақтандыру дербес жауапкершілікті күшейтеді
Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің маңызы зор. Еліміздің барлық аймақтарында бағдарламаның негізгі қағидаларын ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі, «Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Болатбек БАЙМАХАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.
Қазақстан • 12 Шілде, 2017
Уақыт талабына жауап беретін құжат
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дін саласындағы уәкілетті органның ғылыми-сарапшылар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері кеңінен тартыла отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітуі – қуантарлық жайт.