Қазақстан • 12 Шілде, 2017

Уақыт талабына жауап беретін құжат

126 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ме­млекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дін саласындағы уә­кілетті органның ғылыми-са­рап­шылар қау­ымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктердің өкілдері кеңінен тартыла отырып әзірленген Қазақстан Республикасының дін са­ласындағы 2017-2020 жылдарға ар­налған мемлекеттік сая­сат тұ­жы­рым­дамасын бекітуі – қуан­тар­лық жайт.

Уақыт талабына  жауап беретін құжат

Тұжырымдаманың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қа­ғи­даттарын нығайту. Сондай-ақ, тұжырымдама жо­басының негізі қазақстандықтардың діни се­нім бостандығын, дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Құжат қоғамымызда іс жүзінде орныққан кон­­­фес­сияаралық келісімді нығайту ба­ғы­тын­дағы мем­­лекеттік-конфессиялық қа­ты­нас­тарға ал­­да­ғы уақытта өзінің елеулі үлесін қоса оты­рып, дін­ді деструктивті мақсаттарда қол­да­ну­ға жол бер­меуге септігін тигізетіндігіне се­нім­діміз. 
Құжатта мемлекет саясатының дін сала­сын­дағы ұстанымы, стратегиялық мақсаттары мен ба­ғыттары айқын көрсетілген. Аталған құжат жобасы бірқатар сарапшылар мен дінтанушы мамандардың, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің талқылауынан өткен.
Тұжырымдамада елімізде діни білім беру тәр­тібін реттеу, жасөспірімдерді діни қыз­метке заң­сыз тартуға жол бермеу, діни әде­би­еттерді та­рату тәртібін жетілдіру және т.б. мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Дінді ұстанатын азаматтарымыздың діни рәсімдерді жүзге асыруына қолайлы жағдай жасау тетіктері де қамтылған.
Әсіресе, бізге зайырлылық қағидаттарын хал­қымыздың өмір сүру салтына айналдыру мақ­сатында мемлекеттік басқару мен мем­ле­кет­тік қызмет, құқық қорғау, арнайы қыз­мет пен қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларын жұмылдыра отырып, Тұ­жы­рымдама негізінде елімізде әлеуметтік-эко­но­микалық және отбасы институтының мә­се­ле­лерін шешуді көздейтін мемлекет пен діни бір­лестіктердің қарым-қатынасына жағдай ж­асалатындығы бізге құлшыныс туғызып отыр.
Аталған құжат бойынша дін саласындағы мем­лекеттік саясат іске асырылмақ, діни бір­лес­тіктермен өзара қарым-қатынас дамытылмақ, аза­маттардың діни сенім бостандығы қам­та­ма­сыз етілмек. Сонымен қатар, мемлекет пен аза­маттық қоғам арасында өзара әрекеттесу мо­делі қалыптасып, зайырлылық қағидаттары нығая түспек.

Жалғас САНДЫБАЕВ,
дінтанушы