Қоғам • 19 Шілде, 2022
IT-сала мамандарына іздеу салды
Елордада Astana Hub Job Fair 2022 жәрмеңкесі өтті. Оған қатысқандар жан-жүрегі қалаған жұмыс орнын табуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ оларға IT-салаға қажетті лайықты қызметкерді табу, білікті сарапшыларды тыңдау мүмкіндігі ұсынылды.
Спорт • 19 Шілде, 2022
Таяуда Relevant | Tennis Stats & Info порталында 2022 жылдың басынан бері ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингі жарияланды. Солардың қатарында қазақстандық Елена Рыбакина да бар.
Спорт • 19 Шілде, 2022
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Тунисте ұйымдастырылған рейтингтік турнирден табысты оралды. Күзде Сербия астанасы – Белградта жалауы желбірейтін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік беретін ең соңғы ұпайлар үлестіретін жарыста жерлестеріміз жеті медаль (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды. Тунис бозкілемінде әлемнің 17 елінен келген 140-қа жуық балуан бақ сынады.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
«Қызылорда облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің алдында тұрмыз. Сырдария өзенінің қала аумағынан өтетін тұсы мен су айдындарын бақылауға кезекшілікке шығатын топқа қалалық төтенше жағдай басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Төремұрат тапсырма беріп жатыр. Сәлден кейін-ақ міндеті белгіленген мамандар көліктеріне беттей бастады. Бізді Қызылорда қаласындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мәди Төрәлиев ала кетті.
Аймақтар • 19 Шілде, 2022
Ертісте кеме қатынасы жандана ма?
Абай облысында кеме қатынасы жандануы мүмкін. Бұл жөнінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі бұрынғы өзен кемежайын аралау кезінде айтты.