Қоғам • 12 Шілде, 2019
Этносаралық келісім – тұрақтылық негізі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында туған жерге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрпына және дәстүрлеріне ерекше көңіл бөлу патриотизмнің аса маңызды белгісі екенін атап өткен болатын.
Сұхбат • 12 Шілде, 2019
Арақ-шарап саудасы бақылауды қажет етеді
Біріккен Ұлттар Ұйымының деректеріне қарағанда, еліміз алкоголь өнімдерін ішу көрсеткіші бойынша әлемде алғашқы он елдің қатарына нық орналасқан. Ал Орталық Азия аумағында ащы суды тұтыну бойынша ұзақ уақыттан бері бірінші орынды бермей келеміз. Бұл – мақтанарлық емес, қынжыларлық көрсеткіш. Соңғы кездері жастар имандылыққа бет бұрып келеді, қоғамда алкоголь құмарлар азайды деп өзімізді қанша жұбатқанымызбен, ол тажалды литрлеп санағанда ешкімге дес бермей келеміз. Сонда қайтпек керек? Парламент Сенатының жалпы отырысында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов аталған мәселеге байланысты дабыл қағып, Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Анығын айтсақ, Үкіметтен алкоголь өнімдері саудасын реттеуді талап етті, ұсынысын білдірді. Мәселенің анық-қанығын толық түйсіну үшін сенаторға бірер сауалымызды көлденең тарттық.
Экономика • 12 Шілде, 2019
Автокөлік өндірісі өсіп келеді
Үкімет үйінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов журналистерге елдегі автокөлік өндірісі саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Саясат • 12 Шілде, 2019
Парламент депутаттарының аймақтарға сапары басталды. Халық қалаулылары ел ішінде сайлаушылармен кездесулерінде өндіріс орындарының әлеуметтік-мәдени орталықтардың ұжымдарымен жүздесіп, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың мән-жайын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Парламент Сенаты және Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 12 Шілде, 2019
Санға емес, сапаға басымдық берілмек
Nur Otan партиясы Трағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барып, партия облыстық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясына қатысты. Жиын барысында ол партияның жаңа кезеңдегі міндеттерін анықтап, алдағы жұмыстың бағыт-бағдарын айқындап берді.