Сұхбат • 21 Шілде, 2020
Тамара Дүйсенова: Басты ұстаным – азаматтар өтінішіне сапалы жауап беру
– Тамара Қасымқызы, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің құрылғанына 22 шілде күні бір жыл толады. Бөлімнің осы кезеңдегі жұмысының негізгі нәтижелеріне қатысты сіздің көзқарасыңыз қандай? – Ең алдымен, Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін құру мәселесін Мемлекет басшысының сайлауалды тұғырнамасының аясында жүзеге асырылып жатқан бастамалар шеңберінде қарастырған жөн.
Пікір • 21 Шілде, 2020
Керіс пен кикілжің емес – ұлттық ұжым керек бізге!
Осынау ел басына күн туған кезде билікті кінәлап, біреуіміз олай, біреуіміз бұлай тартпай, еліміздің егемендігін сақтаудың қам-қаракетіне кірісуіміз керек. Бір қоғамдық-экономикалық формация кетіп, екіншісі келген кезде орны ойсыраған кемшілік пен қателіктер болмай қоймайды. Өркениетті елдердің бәрі де біз өткен өткелектен өткен! Оларды бір кезде жабайы батыс деген, қазір өркениетті елдер деп өзіміз айтамыз! Бір-бірімізді кінәлауды тоқтатып, ұлтты аман алып қалуымыз қажет! Ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның іргетасы қаланды! Бұл – тарихи факт.
Руханият • 21 Шілде, 2020
Кеншілер астанасындағы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған брифингте Қарағандыдағы Әнет Баба мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа биыл Құрбан айт мерекесінің онлайн-режімде өтетінін мәлімдеді.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
«Самұрық-Қазына» індетпен күреске көмек көрсетуде
Пандемияға байланысты әлемде қалыптасқан жағдай күн өткен сайын күрделеніп барады. Дәл осындай болашақ қадамдарымыздың шешуші кезеңінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ел азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында 100 жедел жәрдем көлігін, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 500 оттегі концентратын және 1000 пульсоксиметр сатып алып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады. Қазір тапшы болып тұрған көмектің бұл түрлері Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып таңдалған.
Қоғам • 21 Шілде, 2020
Отандық бағбандар Нидерланд технологиясын қолданады
Қазақстанда жеміс-жидек секторын дамыту үшін Нидерланд үкіметі кәсіпкерлер тобымен бірлесіп, елімізде жаңа технологияларды енгізуге бағытталған Dutch Fruit Solutions Kazakhstan компаниясының жобасын іске асыруда.