Экология • 13 Шілде, 2024
Жетісу жерінде «Таза Қазақстан» акциясы барысы қарқынды жүріп жатыр. Тек қала халқы ғана емес, үлкенді-кішілі елді мекендер де ерінбей айналасын тазалыққа баулуда. Мәселен, Алакөлдегі шекарашылар акцияны қолдап, табиғатты қорғауға шақырды. «Табиғатты аялау – тәрбиеден» деп түйсінген жастар да өңірді қоқыстан құтқарып жатыр.
Айбын • 13 Шілде, 2024
Алматы қаласы Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері майдангер Ізгілік Дабаевты 102 жасқа толған туған күнімен құттықтап барды.
Жәдігер • 13 Шілде, 2024
Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейінің жәдігерлері қатарында халық ақыны Маясар Жапақовтың да домбырасы сақтаулы тұр.
Айбын • 13 Шілде, 2024
Ақтау қаласының теңіз жағалауында «Бірлестік-2024» халықаралық оқу-жаттығуы салтанатты жағдайда ашылды. Жаттығуға Қазақстан Қарулы күштерінің қолбасшылығы, жаттығуға қатысушы елдер делегацияларының басшылары, Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері, ардагерлер, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Айбын • 13 Шілде, 2024
Арнайы органдар қызметкерінің күн тәртібі қалыпты ережеге бағынбайды. Ол түнде ұйықтарда ертеңгісін қандай тапсырма күтіп тұрғанын білмейді. Қызметіне барарда кешкісін не болатынынан бейхабар. Оларға бағзыдан бері «көрінбес майдан жауынгері» атауы таңылған. Ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі адамдар жөнінде біз ресми өкілдерінің сөздерінен ғана білеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз сол бір көрінбес майдан сардарынан бастап сол саланың қаламгеріне дейінгі тағылымды жолды жүріп өтті.