Астанада «Global Silk Road» Жібек жолы елдері қала мэрлерінің екі күндік форумы болып өтті. ХІ Астана экономикалық форумының жалпы отырысында Мемлекет басшысы елордада ел мен елді байланыстырар, қалаларды жақындастырар ауқымды жиын өткізілетіндігін хабарлаған еді. Аталған форумға 60 елден 2000-нан астам қатысушы тіркеліп, оның ішінде Жібек жолы бойындағы 11 елден 70 мэр және 150 шетелдік спикер, қаланың шаруасын жетік білетін басшылар Қазақстанның елордасына жиналып, тәжірибе алмасып, оң жетістіктерімен бөлісті.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Жылдың алғашқы аптасынан бастап Қазақстан біртұтас экономикалық кеңістікке кірді. Кеден тәртібі бірізділікке түсіп, кедендік тариф пен тарифсіз реттеудің ортақ шаралар жүйесі құрылды. Нәтижесінде Қазақстан ИЫҰ-ға мүше елдердің 40-тан астамымен сауда, көлік, туризм, қаржы салаларына бағытталған экономикалық ынтымақтастық орнатты. Осы жылы Елбасы Н.Назарбаев тарапынан тұңғыш рет «Мәңгілік Ел» идеясы ұсынылып, елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу бастамасы көтерілді.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Бұл жылы еліміздің Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесіне төрағалық етуі көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге тың серпін берді. Сонымен қатар аталмыш жыл Президент Жарлығымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығы болып жарияланып, мерейтой ұраны «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп аталды.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
KazFUCA мүшелері елордаға жиналды
Астанадағы Ұлттық мұражайда Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Астана: бейбітшілік пен келісім орталығы» атты халықаралық конференция басталды. Шараны Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы (KazFUCA) және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры ұйымдастыруда.