Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Сана жаңғырмай, қоғам серпілмейді
Тәуелсіз елдігіміздің қалыптасуы, өсіп-өркендеуі мен өркениет санатына қосылуына дейінгі бастапқы даму кезеңдерінде ұлттық идеология бірден қаулап кете қойған жоқ. Өтпелі кезеңдерді өткерді. Өйткені, әуелі елді, оның экономикасын көтеру керек болғанын Елбасының өзі де үнемі еске салып отырды. «Әуелі – экономика, сосын – саясат» деген ұстанымға басымдық берілді. Оның нәтижесін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан экономика мен саясатта таңдалған бағыт-бағдардың дұрыстығын сезінді. Мемлекеттіліктің ширек ғасырында әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылдық. Енді, міне, ұлттық идеологияға да кезек келді. Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын шын мәнінде экономика мен саясатқа рухани өң беретін, шырай енгізетін ерекше бағдарламалық құжат дер едік.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Ұлттық әліпбиге көшу жайы талқыланды
Жуырда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияға қарасты Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Инвестор тартуда елшілер әлеуеті ескеріледі
Кеше Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының және еліміздегі шет мемлекеттердің құрметті консулдарының съезі ұйымдастырылды. Алғаш рет өтіп отырған аталған шараның негізгі мақсаты – шетел инвесторлары үшін Қазақстанда жасалып жатқан мүмкіндіктерді жан-жақты түсіндіре отырып, тиісті ақпаратты консулдар арқылы барлық инвесторға жеткізу.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Бельгиямен байланыс беки түсті
Астанада Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің арасында дипломатиялық қатынастар орнауының 25 жылдығына арналған саяси консультациялар өтті.
Қазақстан • 11 Шілде, 2017
Инновация – игіліктер мүмкіндігі
Кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан кәсіпорындарына инновациялар мен IT-технологияларды енгізу» мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Германияның бірқатар жетекші жас ғалымдары мен сарапшылары қатысты.