Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облысының әкімі жанындағы инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында бірнеше инвестициялық жоба талқыланды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Осыдан жеті жыл бұрын өлкетанушылармен бірге Торғай даласына жасалған тарихи-танымдық экспедиция құрамында болғанымызда, Ахмет Байтұрсыновтың кіндік қаны тамған Ақкөл төңірегіндегі көл аттас ауылға да жолымыз түскен. Аузын ашса, жүрегі көрінетін ауыл адамдары экспедицияны күтіп алып, сол өлкенің тарихы туралы әңгіме тиегін ағытқан еді. Сол жолы Ызбан ауылдық округінде бас маман болып қызмет істейтін Рабиға Жақыпбекова апамыз ауыл мектебіндегі музей бұрышынан аузын кере ашқан, тістері қасқырдың тісіндей ақсиып тұрған шортанның басын көрсеткен еді. Біз сол сәтті фотоаппарат объективіне баса қойыппыз.
Су спорты • 03 Шілде, 2018
Оңтүстік Кореяның Чонджоу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогы аяқталды. Сарықұрлықтың ең үздік спортшылары қатысқан айтулы додада қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтті. Өйткені еліміздің ескек есушілері үш алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Аймақтар • 03 Шілде, 2018
Осы көктем мен жаз ауданымыз үшін мерекеге толы болды. Солардың ішінде мәдениет саласының басты жайдарлы жаңалығы – «Әйгілі Әлнұр Мейірбеков» деген жаңа кітаптың жарыққа шығуы. Бұл кітапта Райымбек ауданына белгілі жазушы-журналист Әлнұр Мейірбековтің әңгімелері, өлеңдері, бата-тілектері, естеліктері топтастырылған.
Қазақстан • 02 Шілде, 2018
Осы жылы еліміздің алтын валюта резерві Ұлттық қордың қаржысын қосқанда 40 млрд долларға жетті. Банк жүйесіндегі депозиттер 3,5 триллион теңгені құрады. Отандық зейнетақы қорларындағы салымның өсімі 1,1 триллион теңгеден асты. Елдегі ІЖӨ жан басына шаққанда 7 мың долларды еңсерді. Еліміз көлемінде 22,5 миллион тонна астық орылды. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық көрсеткіш. Жылдың басында жаңадан Үкімет жасақталып, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов командасы іске кірісті.