Әлем • 05 Шілде, 2019
2017 жылдан бері Еурокомиссиияның төрағасы Жан-Клод Юнкер келесі мерзімге сайланбай орнынан кетуі мүмкін деген болжамдар айтылды. Оның орнына 28 еуропалық елге «билік жүргізетін» үкіметбасы болуға ниеттілер аз емес еді. Соңғы уақытта осы және басқа да орындарға талас Еуропа саясаткерлерінің арасында тіпті өршіп кетті. Міне, осы аптада Еуропалық Одақ ұйымның ең маңызды қызметтеріне жаңа азаматтарды тағайындады. Олар кімдер және алдағы уақытта қандай саясат ұстануы мүмкін?
Қоғам • 05 Шілде, 2019
Қара металлургия саласының қара нары
Теміртау индустриялық металлургияның орталығы ғана емес, еліміздің Тұңғыш Президенті еңбек еткен, Қазақстанның алғашқы ғарышкері шыққан жұлдызды қала болып есептеледі. Ерен жүйріктер қатарына Қазақстанның түсті металлургиясы дамуының қайнар көзінде тұрған алғашқы ізашарлардың бірі, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, профессор Нариман Қуанышқалиұлы Ішмұхамедовті жатқызуға болады. Нариман Ішмұхамедов – бұрынғы ЖТОО зауыт, қазіргі ҚарМИУ-дің болат өндірісі, ғылым мен педагогикалық қызметіне, оның қалыптасуы мен қарқынды дамуына көпжылғы еңбегін арнаған азамат. Көзі тірі болғанда биыл торқалы 90 жасқа келетін еді. Алайда, ол кісі көптеген шәкірті мен ізбасарының жарқын жадында қалды. Себебі жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деп дана халқымыз тегін айтпаған.
Президент • 05 Шілде, 2019
Құттықтауларда – ізгі тілектер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Руханият • 05 Шілде, 2019
Белгілі жазушы, белді қайраткер Жарасбай Сүлейменов «Шынның жүзі» дейтін сыр-сұхбаттар, мәдени-танымдық мақалалар, депутаттық сауалдар топтастырылған жинағының аңдатпасында «Жүрегіме жүгіндім, халқыма, еліме титтей де болса пайдам тиер ме екен деген мақсаттың жетегінде жүрдім» деп, шынайы болмысын, ақиқат көзқарасын, рухани ішкі ой мәдениетін мәлімдей сөз бастапты.
Сұхбат • 05 Шілде, 2019
Рүстем Әбдіраш: Заң отандық киноны өрге сүйрейді
Қазақстанда кинематография бар, бірақ киноиндустрия жоқ. Бұл сөзді соңғы жылдары жиі естіп жүрміз. Мұны киноөндірістің дамуына қарлығаштың қанатындай су сеуіп жүрген мамандар кино саласында біркелкі жүйенің болмауынан деп түсіндіреді. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында биыл қаңтар айында үш жыл бойы әзірленген «Кинематография туралы» Заңға Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойды. Заң қабылданған мерзімнен бері де жарты жылдай уақыт өтті. Кино әлемінде нендей өзгерістер мен жаңалықтар болып жатқаны туралы ойын білмек ниетпен еліміздің озық режиссерлерінің бірі, суретші, сценарист Рүстем Әбдірашты әңгімеге тартқан едік.