Президент • 05 Шілде, 2019

Құттықтауларда – ізгі тілектер

764 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай құттықтау хаттары мен жеделхаттары келіп жатыр, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Құттықтауларда – ізгі тілектер

Монако Князі ІІ Альбер өзінің құттықтау хатында Мемлекет бас­шысына табыс тілеп, жуық ара­да кездесуге үмітті екенін біл­дірген.

«Елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды ны­ғай­туға және стратегиялық ықпал­дас­тықтарымызды кеңейтуге шынайы түрде тырысатынымды білдіргім келеді», деп атап өткен Монако Князі ІІ Альбер.

Таиланд Королі Х Рама Маха Важира­лонгкорн да Қасым-Жо­март Тоқаевты Пре­зидент лауа­зы­мына сайлануымен құттық­тап, Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

«Алдағы уақытта Таиланд пен Қазақстан арасындағы тығыз байланыстар мен достық қа­тынастар екі елдің игілігі үшін көптеген сала бойынша нығайып, дами беретініне кәміл сенемін», деп жазған Таиланд Королі.

Ақын Олжас Сүлейменов же­делхат жолдап, Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Алғашқы жеңісіңізбен! Сайлаушы ретін­де көпжылдық тәжірибем бола тұра, мен алғаш рет осы дауыс беру кезінде толқыдым. Алдағы асуларыңызға сәттілік пен табыс тілеймін», деп жазды Олжас Сүлейменов.

Қазақстанның бұрынғы Пре­мьер-министрі Сергей Тере­щенко Қасым-Жомарт Тоқаев­тың кәсібилігіне, басшы ретіндегі дарыны мен ақылына тоқталған.

«Қазақстан халқының Сіз­ге деген ортақ сенімі – тұрақ­ты­лық пен алдағы қайта өркен­деуді таңдағаны. Сіздің дана бас­шы­лы­ғыңызбен осы бір жаһандық, аймақтық-эко­­номикалық қиын-қыстау кезеңде Қазақ­стан өз дамуының жаңа сатысына қол жеткі­зе­тініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.

Ресей Федерациясының Мем­лекеттік Думасы халық­аралық істер комитетінің төрағасы Лео­нид Слуцкий Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Респуб­ли­касының сырт­қы саясаты мен экономикалық дамуы­ның қалып­тасып, нығаюына қосқан зор үлесін атап өткен.

«Көрнекті мемлекет қай­рат­кері ретін­дегі Сіздің тәжірибеңіз осынау жауап­ты мемлекеттік қызметтегі басым мін­деттерді оңтайлы шешуге ықпал етеріне се­німдімін», деген хатында.

«Шеврон» корпорациясының бас атқа­рушы директоры әрі директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уирт Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін атқаратын маңызды лауазымда мол табыс тіледі.

«Шеврон» Қазақстанмен арадағы 26 жылдан асқан әріптестікті мақтан тұтады. Біз бұл әріптестіктің алдағы уақытта жал­ғаса беретініне үміттенеміз», – деп жазды корпорация басшысы.

Қазақстанның Ұлттық ғылым ака­де­­миясының президенті Мұрат Жұры­нов құттықтау хатында ғылыми әлеуе­ті­міздің дамуының маңызына тоқталып, Мемлекет басшысын ғылыми зиялы қауым­ның осы бағыттағы жұмыстарын жал­ғастыра беретініне сендірді.

Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік му­­зей ұжымы құттықтау хатқа Елба­сы сая­сатының сабақтастығы мен қазақ­стан­дықтардың әл-ауқатын арттыру шара­ларын атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев­тың жұмысына жеміс тіледі.

«Сіздің мұқтаж азаматтарға көмек­тесу арқылы әлеуметтік өткір мәсе­ле­лерді шешуді жоспарлағаныңыз бізді ша­быттандырады», – делінген хатта.

Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Мемлекет басшысын құт­тық­­тап, Президент сайлауы кезінде көр­сет­кен халықтың ауызбіршілігін атап өтті.

Қазақстанның православие шір­кеуінің басшысы Астана және Қазақстан мит­ро­политі Александр құттықтау хатында Қазақстанда қалыптасқан әртүрлі этностар мен түрлі конфессиялардың өзара қарым-қатынасы бойынша қалыптасқан бірегей модельді атап өтті.

«Біздің халқымыз мемлекеттің эко­но­микалық, рухани және мәдени әлеуетінің артуына қосқан Сіздің еңбегіңізді бағалайды және Сізді Тұңғыш Президент – Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді», – деп жазды митрополит.

Сонымен қатар Мемлекет басшы­сын шетелдік саясат және қоғам қай­раткерлері, халықаралық құрылым­дар­дың өкілдері, іскерлер, сондай-ақ жекелеген ұйымдар да құттықтады.

Олардың арасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы А. Гуррия, Біріккен Ұлттар Ұйы­мының Ливан жөніндегі арнайы үйлестірушісі, Бас хатшының орынбасары Я.Кубиш, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Ф.Гран­ди, БҰҰ Ауыл шаруашылық азық-түлік ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры А.Виторино, Білім, ғылым және мәде­ниет жөніндегі Ислам ұйымы­ның бас директоры Сәлім Мұхамед әл-Мә­лік, Жаңа Зеландияның генерал-гу­бер­­наторы Пэтси Рэдди, Гватемала Рес­пуб­­л­икасының үкіметі, Сан-Марино Респуб­ликасының Капитан-регенттері Никола Сельва, Микеле Муратори, Еу­ра­зия экономикалық комиссиясының Өнер­кәсіп және агроөнеркәсіп ке­ше­ні жөніндегі алқа мүшесі (ми­нистр) А.Субботин, Еуразиялық Эко­номи­ка­лық одақ сотының төрағасы Ж.Баи­шев, ТМД Экономикалық соты­ның төр­ағасы Л.Каменкова, ТМД Ха­лық­ара­лық Пар­ламентаралық Ассам­блея­сы Кеңе­сінің бас хатшысы Д.Ко­биц­кий, Италия Республикасының Парла­менті Депутаттар палатасының вице-пре­зи­денті Э.Розато, Польша Рес­пуб­ли­ка­сының сенаторы Р.Даухэн, Ресей Фе­дерациясы Пенза және Ом­бы облыс­тарының губернаторлары И.Бе­лозер­цев пен А.Бурков, Сбербанк пре­зиден­ті Г.Греф, CNPC директорлары кеңесі­нің төрағасы Ван Илинь, БТБ банкінің басқарма төрағасы А.Костин, ОАДО қо­рының президенті Ф.Скалетчи, «Ренова» ком­паниясының директорлар тобы кеңе­сінің төрағасы В.Вексельберг, «Па­ра­маунт Групп» төрағасы А.Ичи­ковец, АрселорМитталдың вице-­пре­зиденті П.Калон, High Vill Kazak­hs­tan компа­ниясының президенті Ко Донг Хён, Дүниежүзілік банктің Еу­ропа және Ор­та­лық Азия бойынша вице-­пре­зиден­ті С.Мюллер, Access Indus­tries CIS бас­шысы Л. Блаватник, «АҚШ-Қа­зақстан» бизнес-ассоциациясы, Мәскеу мем­лекеттік халықаралық қаты­настар институтының ректоры А.Тор­кунов, Қырғыз Республикасының Үкімет­тік емес және коммерциялық емес ұйым­­дары ассоциациясының төрайымы Т.Үметәлиева, Темір жолдар ынты­мақ­тастығы ұйымының комитет төрағасы Т.Шозда, Иисус Христос шіркеуінің бас­шысы Р.Нельсон, Өзбекстандағы қазақ­тардың атынан Ташкент облысының тұр­ғыны М.Райымбеков және басқалары бар.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Қа­зақстан Республикасының мемлекет қай­раткерлері О.Әбдікәрімов, Ш.Құлма­ханов, Т.Мансұров, С.Тоқпақбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Ер­кім­беков, ҰҚШҰ Парламенттік Ассам­блея­сындағы ҚР өкілі В.Рогалев, жазушы-драматург Ж.Ерғалиев, Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабтың бас­қарушы комитетінің төрағасы Ә.Бай­менов, Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі Б.Алтынбеков, Бі­лім және ғылым министрлігінің Сая­сат­тану және дінтану институтының ди­ректоры А.Бижанов, академиктер С.Қирабаев, Ә.Бейсенова, Қазақ ПЕН-клубының президенті Б.Ғаб­­дул­лин, ғалымдар М.Сәрсембаев, М.Өте­­баев, «Ауыл» халықтық-демо­кра­тия­лық патриоттық партиясының төрағасы Ә.Бек­­таев, 1999-2000 жылдардағы Қазақ­стан­ның Хорватиядағы құрметті консулы З.Левай, жазушы С.Досанов, ақын Ш.Сариев, танымал журналистер Ж.Ома­ров, М.Закарин, халық жазушысы Қалижан Бекхожиннің зайыбы З.Бек­хожина, Алматы облысының құрметті азаматы Н.Қылышбаев, соғыс ардагері И.Дабаев, денсаулық сақтау саласының ардагері Т.Шериязданұлы, социология ғылымдарының докторы К.Ғабдуллина, «Altyn» компаниясының жетекшісі К.Асаубаев, СУЗК АҚ бас дирек­торы­ның орынбасары С.Григорьев, қоғам қай­раткері С.Қасенов, Қызылорда облы­сының тұрғындары С.Түгелбаев, Қ.Бай­мұ­ратов, Алматы облысының тұрғы­ны М.Жауаров, Алматы тұр­ғыны Б.Көпес­баева, О.Питайкина, А.Стар­ков, Маң­ғыс­­тау облысынан Т.Түрік­менбаев, Шым­кент қаласынан А.Нұра­баева, Б.Бек­­төреев, Түркістан облы­сының тұрғы­­ны У.Жақыпбаев, Ақтөбе облысынан А.Матаев, Маңғыстау облысының жас­та­ры, Әбдірашевтер отбасы, Ясауи атын­дағы ХҚТУ Өкілетті кеңесінің төра­ға­сы М.Йылдыз және бас­қалар құттық­тады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ҚР Ұлт­тық академиялық кітапхананың, Қазақстан-неміс университетінің, А.Жұ­банов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интер­натының, Бейбітшілік пен келісім му­зейінің, ҚР Ұлттық кітапханасының, Металлургия және байыту институтының және «Астана Опера» театрының, Хо­рео­­графия ұлттық академиясының, Абай атындағы мемлекеттік ака­де­мия­лық опера және балет театрының, Мем­лекеттік академиялық би театрының, Қа­зақ ұлттық қыздар педагогикалық уни­вер­ситетінің, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының, Зағип­тар мен нашар көретіндерге арнал­ған республикалық кітап­хана­ның, «Салтанат» би ансам­блінің, «Қазақ­станның камератасы» клас­си­калық му­зыка ансамблінің, К.Байсейітова атын­дағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің, Ақтөбе об­лыс­тық «ПО Глобал-Спецодежда» кәсіп­орнының, Еуразиялық топтың, Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, ҚР Ұлт­тық музейінің, «ШОЛПТАС» ӘӨК, О.Таңсықбаев атындағы Алматы де­коративті-қолданбалы өнер колледжінің, «Қа­зақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының, Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, «Оты­рар» археологиялық музей-қорығының, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мұра­­ғатының, «Астана Балет» театры­ның, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мем­ле­кеттік балалар мен жасөспірімдер театрының, Республикалық неміс драма театрының, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Білім және ғылым министрлігі Экономика институты, А.Бектұров атын­­дағы химия институтының, Абай атын­­дағы ҚазҰПУ, Атырау мұнай-газ уни­­верситетінің, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Бо­­тай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының, «Ордабасы» ұлттық тари­­хи-мәдени қорығының, «Көне Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тари­хи-мәдени музей қорығының, Прези­дент жанындағы Қазақстан страте­гия­лық зерттеулер институтының, Т.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сының, Лермонтов атындағы Мем­ле­кеттік академиялық орыс драма театры­ның, «Банк «ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ, «Антитеррор» арнайы оқу орталы­ғының, «Таңбалы» мемлекеттік та­ри­хи-мәдени және табиғи қорық музейі­нің, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұра­жайының, Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдердің мемлекеттік ака­де­миялық орыс театрының ұжымынан және басқалардан құттықтаулар келіп түсті.

Мемлекет басшысына өздерінің ізгі тілектерін бірқатар қоғамдық ұйым­дар мен Қазақстанның этномәдени бір­лес­тіктерінің өкілдері жолдаған. Атап айтқанда, «Асыл бала» қоғамдық қоры, «Динамо» Қазақстан денешынықтыру және спорт қоғамы, «Вяра» Ақтөбе болгар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан студенттер альянсы, «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесі, «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсы» рес­пуб­ликалық қоғамдық бірлестігі, Қос­танай облыстық Қазақстан халқы Ассам­блеясының Аналар кеңесі, Қазақстанның жас кәсіпкерлер ассоциациясы, С.Нұр­мағамбетов атындағы қордың төрағасы М.Нәлібаев, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті Ө.Айтбайұлы, Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев, Ақмола облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қиықов, «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Назаров, «Санги-Кабуд» тә­жік ұлттық мәдени орталығының төрағасы У.Шоназаров, «Вайнах» Ақ­мола чешен-ингуш қоғамының төрағасы Г.Яндиев, «Талдықорған қаласы жүргі­зу­шілер одағы» ассоциациясының төр­ағасы Б.Әбдірасов, «Шырағым» Қазақ­стандағы көшбасшы әйелдерді қолдау қоғамының директоры З.Жұмабаева, Қарағанды еврей мәдени орталығының төрағасы В. Молотов-Лучанский, Қазақ­стан ұйғырларының республикалық этно­мәдени орталығының өкілдері, «Татар жә­не башқұрт Қазақстан кон­гресі» рес­пуб­ликалық қоғамдық бір­лестігі басқар­ма­сының төрағасы Т.Ка­римов, «Сыбай­лас жемқорлықты жою жөніндегі коми­тет» қоғамдық бірлес­тігінің төраға­сы Ө.Ас­қарбаев, Респуб­ликалық әйелдер ке­ңе­­­сінің төрайымы Н.Каюпова және бас­қалар.

Мемлекет басшысы өз атына келіп түс­кен құттықтаулардың бәрімен мұқият танысып шығып, хат жолдағандарға жылы лебіздері мен шынайы көңілдері үшін ризашылығын білдірді.