Жасанды интеллект • 27 Желтоқсан, 2025

Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кірді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жасанды интеллектіні ауқымды енгізу және цифрлық экономиканың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету арқылы жетекші цифрлық держава мәртебесін нығайтып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кірді

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ол жыл қорытындысы бойынша еліміз халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтқанын, ЖИ дамуының институционалдық негізін қалыптастырғанын, alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластерін іске қосқанын және мемлекеттік қызметтерге, экономикаға және әлеуметтік салаға цифрлық және ЖИ шешімдерін ауқымды енгізуді қамтамасыз еткенін атап өтті.

Халықаралық бағалауларға сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстан электрондық үкіметтің даму индексінде (EGDI) 24-ші орында және онлайн-қызметтер индексі (OSI) бойынша әлемнің топ-10 еліне кіреді.

Сонымен қатар, alem.cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең ірі суперкомпьютерлердің TOP-500 рейтингіне еніп, 86-шы орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстан есептеу қуаты бойынша өңір көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады.

«Бұл ұстанымдар цифрлық жетілу деңгейін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің басқару тәжірибесіне жасанды интеллектіні ауқымды түрде енгізе алу қабілетін де көрсетеді», деді Жаслан Мәдиев.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15