Қоғам • 29 Шілде, 2020
Дәрілік өсімдіктер: Өзгелерге дәру, өзіміз зәру болып қалмайық
Еліміздегі өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемінің флорасына ғана тоқталсақ, 5700-ге жуық, кейбір деректер бойынша 6500 өсімдіктің түрі бар екен. Оның 1500-ге жуығы сирек кездесетін, қорғауға алынатын өсімдіктер санатына енгізілген.
Технология • 29 Шілде, 2020
Цифрлы түрлену ұтымды шешім ұсынады
Online Astana Finans Days 2020 конференциясы аясында цифрлы форматта EdTech білім беру технологияларының екінші қазақстандық форумы өтті. Әлеуметтік оқшаулану барысында әлемдегі білім беруді цифрландыру осы жылдың басты тақырыбы болды.
Қоғам • 29 Шілде, 2020
Мамандық таңдаудағы маңызды қадам
Талапкердің таңдаған мамандығы тағдырына тікелей әсер ететініне талас жоқ. Арман-мақсатыңа жету үшін әуелі таңдау жасауда жаңылыспаған абзал. «Керек тастың ауырлығы жоқ» дегендей, мамандық таңдаудың маңызына тағы бір мәрте тоқталғанды жөн көрдік. Көңілі қалаған кәсіп көлеңке сияқты өмір бойы қасынан қалмайтынын қаперде ұстаған түлек қайырлы қадам жасауға қанаттанары сөзсіз.
Таным • 29 Шілде, 2020
Каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енеді
Гидробиология және экология институты мен Орта Азия экологиялық зерттеулер институты өкілдерінің қатысуымен Балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысында әйгілі Каспий итбалығын еліміздің Қызыл кітабына енгізу жөнінде келісім жасалды. Бұл шараны Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырды.
Білім • 29 Шілде, 2020
Бірінші сыныпқа баратын балалар қалай оқиды?
Жақында ғана мектеп табалдырығын аттайтын балдырғандардың «Әліппемен» қайта қауышатынын жазып, сүйіншілеген едік. Бірақ сол сәтте көңілде алаң басым болды. Себебі биыл 1-сыныпқа баратын балалардың біразы «бар ғылымға бас болған» оқулықпен қауышса да, мектеп табалдырығын аттамауы мүмкін. Бұған да пандемия себеп болып отыр. Ал өзі әріп танымайтын бала басқа оқулықтарды былай қойғанда, «әліппені» қашықтан қалай оқиды? Осы бір көкейкесті сұрақ ата-анаға да, биыл 1-сыныпты қабылдайтын бастауыш сынып мұғалімдеріне де уайым болып тұр.