Руханият • 25 Шілде, 2017
«Ұлы Дала тұлғалары» дестесі аясында ҰҒА академигі У.Қалижановтың басшылығымен жарияланған «Абай» атты кітап жақында қолыма тиді. Мұнда заңғар жазушы М.Әуезовтің 1933 жылы алғаш жарық көрген «Абайдың туысы мен өмірі» мақаласы берілген екен. Еңбекті оқып отырып болашақ ұлы ақын балалық шағында екі шешенің – Ұлжан мен Айғыздың ортасында өскендіктен үлкендер «Телқара» атағанын білгенде, есіме әріптес ағам Тұяқбай Рысбеков түсе кетті.
Руханият • 25 Шілде, 2017
Қағаз бетіне қиналыссыз түскен осы бір сөздің, санның ар жағында саналы пенденің әрбірін ойға қалдыратын жолдар жатыр. Толғана отырып мен де сол жолдардың біразын жүріп өткендей болдым. Тағдыр бұйыртқан осынау жолдардың сан қилы иірім-иректерін басып өткен жанның есімі – Асқар, әкесінің аты Құдайберген Жұбанов. Онымен біз қызметтеспіз. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының есігін күнде бірге ашысып, ғылыми мәселелерді бірге талқыласып жүргенімізге талай заман болды. Ол сан алуан қиналысты сәттерден аман-есен өтіп, сөзіне ел құлақ түретін ағалық дәрежеге көтерілді. Міне, бұл күндері Асқар Құдайбергенұлы сексеннің сеңгіріне өрлеп барады.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде белгілі бір ауруларға байланысты тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілер бар. Сондай дәрі-дәрмектің қатары 59-ға көбейіп отыр.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Денсаулыққа жүрдім-бардым қарамау керек
Ел тәуелсіздігі жылдарында денсаулық сақтау жүйесінің ең басты мақсаты тұрғындардың денсаулығын толыққанды қамтамасыз ету және адам өмірінің ұзақтығын арттыру болды. Денсаулық сақтау саласын қайта құруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, абыроймен орындалды.
– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, имандылықтың еңсесі еңкіш тартқан кезде материалдық қажеттіліктердің құны шарықтайтыны заңдылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...