Медицина • 25 Шілде, 2017
Жатқа кеткен қарындасты жазғырма...
Кейде әйелдің жан-дүниесінен хабары жоқ жігіттердің қыздардың сыртынан тон пішуге құмар болып бара жатқанына қауіппен қарауға мәжбүрсің. Әлдебір қазақ қызы шетелдік жігітке тұрмысқа шығыпты деген сөз құлағына жетсе, байыбына бармастан байбалам салып, топ болып, сол қыздың тағдырын талқылап, табан астында өміріне үкім шығарады. «Ондай қыздарды ату керек!». «Асу керек!». «Азаматтығын тартып алып, екінші қайтіп елге аяғын баспайтындай жасау керек!». Жігіттердің бойында осыншама қатыгездік қай уақытта орнығып жүр деп ойланасың. Жабысқанына көп уақыт болған жоқ. Дұрысы, кейінгі жылдардағы әлеуметтік мәселелермен бірге пайда болып, әлеуметтік желілермен әмпей-жәмпей жарасып, жалғасын тапқан жағымсыз әдет болып қалыптасып келеді.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Биыл көктем айында басталған осы бір іс қоғамда әртүрлі пікірлер туғызды. Әр адам оны өзінше жорып, оқиғаны әр саққа жүгіртті. «Қытайдан еліне оралып келе жатқан қандасымыздың 40 мың АҚШ долларын кеденшілер алып қалыпты» деген сөз желдей есті. Кімдікі дұрыс, ненің бұрыс екендігіне қайсыбіреулер мән бермеді. Соның салдарынан іс соттан сотқа жетті. Енді міне, істің ақ-қарасы айқындалды. Заңдылық пен әділдікті қадағалап, адамгершілік пен ізгілікті басшылыққа алатын прокуратура іске нүкте қойды.
Аймақтар • 25 Шілде, 2017
Ақтөбе өңірінің экономикалық мүмкіндігі зор. Мұнда жер асты қазба байлықтарының мол қоры бар. Өңірде ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары бұл салада егіншілік және мал шаруашылығымен қатар жолға қойылған құс, қоян, ешкі өсіру, жеміс-жидек өндіру сияқты дәстүрлі емес шаруалар да қайтарым бере бастады. Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жүйесін игеру, жаңаша жұмыс істеуге төселу облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан көшбасшы өңірлердің қатарынан көрінуіне алғышарт жасап отыр.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Астана қаласына іргелес жатқан Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында су бағасы елорданікімен салыстырғанда үш есеге қымбат дегенге сене қоймадық. Сондықтан да осы елді мекеннің 12 мың тұрғыны атынан редакциямызға Целиноград «Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (ШЖҚ МКК) үстінен арызданған Төкен Шәймерденовпен кездесіп, мән-жайды білуге жолға шықтық.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Қаржы пирамидасы да бір, қақпан да бір
Қарапайым халықтың қалтасын қағатын қаржы пирамидалары айылын жияр емес. Оп-оңай жолмен олжалы болғысы келетіндер талай адамды үптеп келеді. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бізге берген мәліметі бойынша, қаржы пирамидаларына қатысты тек биылғы 6 айдың ішінде өндіріске 21 қылмыстық іс келіп түскен. Тексерудің нәтижесінде 9 қылмыстық іс сотқа жөнелтілген. Олардан келген жалпы шығын 11 миллион теңгені құрапты. Ал іске күдікті тұлғалардың 2,6 миллион теңге көлеміндегі мүлкі тәркіленген. Қалған қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы, осы мерзім ішінде қаржы пирамидасының тұзағына түскен 100-ден астам адам құзырлы органға шағымданған екен.