Футбол • 21 Шілде, 2023
Елорданың «Астана» клубы биылғы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңін сәтті бастап, жарыстың екінші кезеңіне жолдама алды. Ел чемпиондары іріктеудің алғашқы сатысында Грузияның даңқты «Динамо» командасымен кездесіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті. Осыдан бір апта бұрын «Астана Аренадағы» бірінші ойында қарсыластар тең түскен еді – 1:1. Енді, міне, күні кеше Тбилисидегі жауапты матчта жерлестеріміздің мерейі үстем болды – 2:1.
Бокс • 21 Шілде, 2023
Жәнібекке жаңа қарсылас табылды
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған 30 жастағы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін британиялық Феликс Кэшпен (16-0, 10 КО) өткізуі мүмкін. Бұл туралы Кэштің ісін жүргізетін Matchroom Boxing компаниясының басшысы Эдди Хирн мәлімдеді. Ол отандасымыздың промоутері Боб Арумнан екі боксшы арасындағы кездесуді ұйымдастыру туралы ұсыныс хат алғанын айтты.
Көрме • 21 Шілде, 2023
Отандық кәсіпкерлердің жеке өнімімен, жалпы, халық таныс емес. Бұл ретте өңірдегі орта һәм шағын бизнес өкілдері өндірген заттарды нарыққа шығару маңызды. Осындай қадамға барсақ, ішкі сұраныс артары анық. Осы орайда Жетісуда тұңғыш рет «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы өтті.
Аймақтар • 21 Шілде, 2023
Исатай аудандық пошта торабының курьері Жанар Мұханбетова Аққыстау ауылында тұрады. Ол газет-журналды электрлі мопедпен таратып жүр. Жаңа үлгідегі техниканы 200 мың теңгеге сатып алған.
Қоғам • 21 Шілде, 2023
Мұғалімдерге – шипажай жолдамасы
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық филиалы 51 мұғалімге еліміздің шипажайларына жолдама берді. Олардың қатарында арнайы түзетілім орталықтарының қызметкерлері, ауыл мектептерінде ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздар бар.