Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Қоқыс зауытының құрылысы басталды
Жақын болашақта қала маңындағы қоқыс полигондары түп орнымен жойылып, қала көшелерінде целлофан ұшып, бөтелке жайрап жатпайтын шығар. Олай дейтініміз, Өскемен мен Семейде қоқыс сұрыптайтын екі зауыттың құрылысы басталған. Зауыт іске қосылғаннан кейін тұрмыстық қалдықтардың 30 пайызы қайта өңдеуге жөнелтіліп отырады.
Экономика • 27 Шілде, 2021
Экономиканы цифрландыру – өзекті мәселе
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» және «Еуразиялық одақтың негізгі бағыттарын 2025 жылға дейін цифрландыру» мемлекеттік бағдарламалары қабылданған болатын. Оның «Цифрлық Жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру» сияқты бағыттары бар. Мұндағы басты мақсат – мемлекеттің экономикалық дамуын жеделдету және цифрлы технологиялар есебінен халықтың өмірін жақсарту, цифрлы экономиканы құруға жағдай жасау.
Технология • 27 Шілде, 2021
Интернет жылдамдығы бойынша 15 сатыға көтерілдік
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте Ресей мен Малайзияны басып озып, бір айдың ішінде 5 сатыға, ал бір жылда 15 сатыға көтеріліп, 80-орынға табан тіреді.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Өзге өңірлер секілді Атырауда да жұмыссыз жандар жетерлік. Демек өзгелер ойлағандай, мұнда жұмыс орны тым көп емес. Тіпті мұнайлы аймақ тұрғындарының бәрі бірдей жоғары жалақы алмайды. Бай-бақуаттылар бары рас. Бірақ атыраулықтардың бәрі емес. Неге?
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Бауырым бауырымнан қымбат емес
Көне заманда қажет кезінде қоң етін кесіп беретін кісілік туралы адам көкірегін уылжытатын әсерлі оқиғалар айтылушы еді. Бүгінде де бар екен.