ТОКИО. Жапония үкіметі 8 шілдеде коронавирус пандемиясының кесірінен Токио қаласында 22 тамызға дейін төтенше жағдай жариялады. Демек, Токио Олимпия ойындарына (23 шілде – 8 тамыз аралығы) қатаң шектеулер қойылып, көрермендер дүбірлі іс-шараларды тікелей көре алмайды.

Дегенмен бұл шектеулер Жапония премьер-министрі Ёсихидэ Суганың көңілінен шыққан жоқ. Ол Олимпиаданы жапон халқының 2011 жылғы жер сілкінісі мен Фукусимадағы ядролық апаттан кейін туындаған қиындықтарды еңсеру қабілетінің символы ретінде көрсетуге тырысқан-ды. Енді Токиодағы бірде-бір сайыста немесе бәсекеде көрерменнің шулы дауысы естілмейді. Токиодағы мерекелік көңіл күй тез бұзылып, сондай-ақ жергілікті экономиканы қалпына келтіруге үміт оты да сөне бастағандай.
Рас, Жапониядағы төтенше жағдай кейінгі 16 айда көптеген Батыс елінде енгізілген локдауннан гөрі әлдеқайда жеңіл. Мейрамханалар мен ірі сауда орталықтарының жұмыс уақытына қойылған шектеулерді айтпасақ, адамдар әдеттегідей сауда жасап, тамақтануын қалыпты күйде жалғастырып жүр. Бірақ Токиода 2020 жылғы сәуірден бастап пандемияға байланысты төртінші мәрте төтенше жағдай жарияланды. Соңғысында мейрамханаларда алкогольдік ішімдіктер сатуға тыйым салынды. Өйткені маскасыз қатты сөйлесу Covid-19 вирусының таралуына жол ашады.
Суга үкіметі тұрғындардан төтенше жағдай кезінде қажетсіз саяхаттардан аулақ болып, үйде жұмыс істеуді өтінгенімен, бұл кеңес 2020 жылдың сәуір-мамыр айларында енгізілген бірінші төтенше жағдай кезінде ғана тиімділігін көрсетті. Содан бері үкімет әртүрлі тәсілдерді қолданып көрді. Мәселен, былтыр күзде туризм индустриясын ынталандыру үшін субсидия ұсына отырып, адамдарды саяхаттауға шақырды. 2020 жылдың аяғына таман инфекция жұқтырғандардың көбеюінен кейін, 8 қаңтардан 21 наурызға дейін екінші төтенше жағдай енгізілді. Көп ұзамай 25 сәуірден 20 маусымға дейін үшінші төтенше жағдай жарияланды.
Мұндай қысқа мерзімді төтенше жағдайлар еріксіздікті немесе өткеннен сабақ ала алмауды көрсетеді. Осылайша, жапониялықтардың басынан өткен оқиғаның 2020 жылдың көктемінде инфекция таралуы бойынша ғаламдық эпицентр ретінде саналған Нью-Йорктегі ахуалдан айтарлықтай айырмашылығы бар. Жартылай шектеу шараларын ұзартқаннан кейін қала биыл мұқиятты түрде біртіндеп қайта ашылды.
Жапон қоғамы үкіметті инфекцияны болжап, оны бақылай алмағаны үшін барған сайын сынай түскені таңғаларлық жағдай емес. Елде вакцина салудың баяу жүруіне де наразылық артып келеді. Сынағандар дұрыс айтады. Жапониядағы вакциналау деңгейі дамыған мемлекеттердің көпшілігінен артта қалған. 11 шілдедегі жағдай бойынша Жапонияда әр 100 адамға 48 доза екпе салынды. Ал бұл көрсеткіш Францияда – 88, Германияда – 98, АҚШ-та – 100, Ұлыбританияда 119-ға тең. Қазіргі таңда телевидение мен YouTube Нью-Йорктегі және басқа қалалардағы ахуал түзеліп, маскасыз қалыпты өмірге оралып жатқанын көрсетуі көптеген жапонның қызғанышын тудырады.
Бірақ жапон қоғамы бүкіл Олимпиада, Паралимпиада ойындарын өткізбеуді талап етушілер мен әлеуметтік, экономикалық қызметке қатаң шектеулер қоюға қарсылық білдіргендер (әсіресе, мейрамхана бизнесінде) болып екіге бөлінді. Үкімет екі тарапты да бірден қанағаттандыра алмайтыны анық. Сондықтан ойындарды көрерменсіз өткізіп, орта жолды таңдады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, жалпы тұтыну биыл Токиодағы эпидемиялық ахуалдың мезгіл-мезгіл нашарлауы мен енгізілген карантиндік шаралар салдарынан бәсеңдеді. Биылғы сәуір-маусым айларында Nikkei 225 индексі басқа алдыңғы қатарлы экономикалық индекске қарағанда нашар көрсеткішті көрсетті. Әлсіз экономика әрдайым басқарушы партияға саяси зиян тигізетінін ескерген Суга шектеу шараларын жеңілдетіп, қалпына келтіруге мол күш салуға мәжбүр.
Экономикалық іс-шаралардың барлық түрін қалпына келтіріп, Олимпия ойындарының мерекелік іс-шара әсерін қамтамасыз ету үшін вирус жұқтыру көрсеткіші төмен деңгейде болуы керек еді. Мұның жалғыз жолы – вакциналарды Нью-Йорктегі секілді ерте және тез тарату. Сатып алу жеделдетіліп жатса да, Жапония вакциналармен қамтамасыз етуді кешіктірді. Жапон билігі маусым айының соңына дейін Модерна компаниясынан алуға тиіс 40 миллион дозаның 13,7 миллион дозасын ғана алғаны анықталды.
Осы жаздағы ахуалдың қалай өрбитініне қарамастан, Суга қыркүйек айында партия басшысын сайлауға түседі. Содан кейін қазан айында толық мерзімі аяқталған соң жалпы сайлау күтіп тұр. Олимпия ойындары аяқталған бойда Жапонияның саяси ойындары басталады.
Такатоси ИТО,
Жапонияның бұрынғы қаржы вице-министрі, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғаммен байланыс мектебінің профессоры, Токиодағы Ұлттық жоғары оқу орындары саясаттану институтының аға профессоры
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Лицензиясы қайтарылған банктерді тарату жүріп жатыр
Қаржы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар