Әдебиет • 26 Шілде, 2021
Біздің дәуірдің аса маңызды құндылықтарының бірі – ақпарат. Ақпарат неғұрлым жедел әрі шынайы болған сайын оның маңызы да күшейе бермек. Ақпарат құндылық ретінде көркем әдебиетке де еніп кетті. Бір халықтың өткен өмірінен хабар беріп, оның ішінде саяси қысымдар, табиғи катаклизм мен соғысты, ашаршылықты сипаттайтын, болмаса қазіргі жағдайын толығымен алдыңа жайып салатын көркем шығармалар өтімдірек. Өйткені қазіргі оқырманға ең алдымен қай мағынасында да жаңалық керек.
Әдебиет • 26 Шілде, 2021
«Соғыс және бейбітшілік»: Бірегей туынды ма, әлде «бос мылжың ба»?
Осыдан шамамен 150 жыл бұрын Ресейде аса ірі әдеби оқиға болды: Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романының алғашқы басылымы жарық көрді. Романның жекелеген тараулары бұдан бұрын да басылып келген еді. Толстой оның алғашқы екі тарауын Катковтың «Русский вестнигінде» бірнеше жыл бұрын жария ете бастаған. Дегенмен, романның «канондық», толық және өңделген нұсқасы жылдар өте жарық көрді. Бұл әлемдік деңгейдегі шедевр һәм бестселлер, бір жарым ғасыр ішінде көптеген ғылыми-зерттеуге арқау болды, оқырмандар тудырған түрлі аңыздан да құр қалмады. Әлқисса.
Әдебиет • 26 Шілде, 2021
«Кешегі Кеңес уақытында», «80-жылдары» немесе «бұрын осы» деп басталатын әдеби ортадағы үлкендердің «өткенді аңсау» синдромынан туған әңгімелерінен кейде жалығатынымыз рас. Ақын-жазушылардың шалқып өмір сүрген дәуірін көзбен көрмедік: оқып тамсандық, естіп еліттік. Дегенмен, әдебиетті идеология үшін пайдаланған кеңестік кезең өтті, кетті, қош болды һәм шарапаты да таусылды. Десек те әдебиеттегі жауапкершілік тұрғысынан келгенде ара-тұра өткен уақыттан мысал келтіретініміз бар.
Коронавирус • 26 Шілде, 2021
Коронавирусқа қарсы антиденені тексеру неге тиімсіз?
Эпидемиялық ахуал қайта нашарлап, бойын үрей билеген жұрт вирусологтердің кеңесі мен пайымдарына зәру. Өйткені елді күмәнді ойларға қалдыратын дақпырт пен адастыратын ақпарат жетіп артылады. Бұл жолы Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман «Дельта» штамына қатысты өз білгенін бөлісті.
Өнер • 26 Шілде, 2021
«Пері қатын»: пайда ойлама, ар ойла
Әр жаңа премьераны асыға күтіп, сүйіп көретін театр табынушысы түгіл, спектакльді азды-көпті түсінігімен-ақ тарқатып, сахна өнеріне аса қызыға қоймайтын қарапайым көрерменнің өзіне Бертольд Брехтің есімі жақсы таныс. Ақын, жазушы, драматург Б.Брехт Станиславский, Немирович-Данченко жүйелеріне мүлде қарама-қарсы, оларды толықтай теріске шығаратын театр өнері туралы төл теория қалыптастырып, сахна өнерін реформалаған ірі қайраткер ретінде барлық кезеңнің режиссерлеріне тартымдылығын жоғалтқан емес. Әйтсе де, Брехт шығармашылығына күрделілік тән болғандықтан, пьесаларын қоюға режиссерлердің жүрегі дауалап бара бермейді.