Руханият • 23 Тамыз, 2022
Иншалла деп айтайық, халқымыз арғы заманда да, бергі заманда да жүрегі сезімтал, кең тынысты, күміс көмей әншіден кенде болған емес. Операдағы жарқын бейнелері және жекелеген концерттік бағдарламаларымен халықтың ыстық ықыласына бөленіп келе жатқан бүгінгі күннің әншісі Кенжеғали Мыржықбаев солардың бірі ғана емес, бірегейі болып табылады десек, еш артық айтқандық болмас.
Қазақстан • 23 Тамыз, 2022
Дизайнерге де жауапкершілік керек
Төңірегімізге көз салсақ, дизайн өнерінің кіріспейтін жері жоқ екен. Көліктің корпусы, өзге смартфондармен салыстырғанда жылдан-жылға сүйкімі артып бара жатқан «айфон», аяққа киетін «кроссовки» түрлерінің бірде «конверс», бірде «лофер», бірде «мокасин» болып құбылуы, теледидардың пульті, ғимараттардағы жазу, абаттанған аула, осының бәрі дизайнерлердің дамылсыз жұмысының нәтижесі.
Қоғам • 23 Тамыз, 2022
Anydesk және Teamviewer-ті жүктемеңіз
Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала тұрғындарын интернет-алаяқтардан абай болуға шақырды. Цифрлы технологиялар қарыштап жатқан дәуірде азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу алаяқтар үшін қиындық туғызбайды. Осы орайда сақтық шаралары туралы хабардар еткен ведомство басшысы алаяқтар жиі қолданатын әдіс-тәсілдерден хабардар етті.
Білім • 23 Тамыз, 2022
Шарбақты ауданындағы №1, Ақсу қаласының Сарышығанақ ауылындағы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыс орталығындағы бірнеше мектепте 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылмауы әбден мүмкін. Бұл оқу ошақтарында биыл жазда басталған күрделі жөндеу жұмыстары сылбыр жүріп, марғау мердігерлер жауапсыздық танытып отыр. Жасырып не керегі бар, облыстық білім беру басқармасының басшылығы аталған нысандардың алдағы 10 күн дересінде толық тапсырылатынына 100 пайыз сенімді емес.
Білім • 23 Тамыз, 2022
Ротация қағидаты: 29 мектептің директоры ауысты
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов былтыр қараша айында білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау туралы қағидатты ресми түрде бекіткен болатын. Министр тапсырмасынан кейін бір орында он, жиырма жыл қозғалмай отырып, музейдегі экспонатқа айнала жаздаған директорлар жылы орындарын ауыстыруға мәжбүр болды. Қызметі ауысады демесеңіз, олар жұмыссыз қалмайды.