Абай • 22 Тамыз, 2022
Абайтаудың ар жағы мен бер жағы
Қазақ ғалымдары мен жазушылары тарихымызды түгендеу барысында біраз жұмыстар тындырды. Олар еңбектерін негізінен шежірелер мен өзге елдердің архивтеріне сүйеніп жазғандықтан толыққанды болмаса да тарихымыз әйтеуір сұлбаланды. Ел билеген хандарымыз бен батыр-билеріміз де біршама тұлғаланды.
Руханият • 22 Тамыз, 2022
Мен білетін Ғалым Жайлыбай – сыршыл ақын. Заманының үнін, қоғамының тілін қазақтың терең танымымен қабылдап, жан иірімдерінен өткеріп, он екі мүшенің қойын-қонышынан жүлге тапқан алпыс екі тамырды қуалап ағып, тұла бойыңа жан кіргізетін қан секілді өргізеді өлеңдерін. Байыптап айтып, баппен жеткізеді. Салиқалы. Бұрыннан таныс, ертеден білетін ежеттесің іспетті өлеңдері өзіңмен сырласа кетеді. Сырын ақтарады, мұңын шумақтайды. Алқынбайды, алқындырмайды, орта жолдан тастап кетпейді. Бабы келіп, толысқан шайырдың туындылары байсалды үнмен тіл қатып, салиқалы сұхбатқа шақырады. Жоғарыда оны сыршыл ақын деуімнің бір себебі сондықтан да шығар.
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Қазақта сөз ұстап, өлең өлкесінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ірі ақындардың бірі – Шәңгерей Бөкеев. ХІХ ғасырдың соңғы жартыжылдығы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ақынның елді өнер-білімге үндеген туындылары, философиялық толғаулары, махаббат лирикасы, табиғатты суреттей жазған шығармалары қазақ жұртының рухани қазынасына қосылған үлкен үлес болды.
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Қайбір жылы Әлихан Бөкейхановтың көп томдықтарының ішінен Оскар Уайльдтың жұлдызды бала жөнінде ертегісін оқып, қол соққамыз. Ұлт көсемінің білімі, әрлі тілі мен қоңыр аурасы бөлек сезім қалдырған. Енді, міне, Ги де Мопассаннан аударған әңгімелері де қолға түсті.
Әдебиет • 22 Тамыз, 2022
Абайдың жақсы көрген іні досы, суырыпсалма ақын Көкбай Жанатайұлы өз дәуірінің от ауызды, орақ тілдісі болған кісі. Оның тапқырлығы мен талантына разы болған Абай үнемі қасынан тастамай ертіп жүрген деседі. Әйтпесе, сол дәуірде аты шығып, атағы аспандап тұрған аға сұлтанның ұлына еретін кісі табылмай қалды дейсіз бе? Бәріне оның адалдығы мен айбынды ақындығы жауап беріп тұр.