Білім • 29 Тамыз, 2022
Биыл 34 мектеп пайдалануға беріледі
Түркістан облысында білім саласына бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Өңірде салынып жатқан 57 мектептің 34-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесін, оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында облыста кезең-кезеңімен 199 мектеп салу жоспарланған.
Білім • 29 Тамыз, 2022
5-11 сыныптарға жаңа міндетті пән енгізілді. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді. Колледждер енді жұмыс берушілермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жасап, оқыту мерзімдерін еңбек нарығына сәйкес бірге анықтай алады. Барлық ізденуші, соның ішінде шетелдік студенттер университетке барып оқиды. Жаңа оқу жылының осы және өзге де өзгерістері мен жаңалықтары жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Бұл – өңірдегі тұңғыш тамыз кеңесі. Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы білім саласының мамандары бір шаңырақ астында алғаш рет бас қосып отыр. Болашақтың баяны, келешектің кепілі мұғалім берген сапалы білімге байланысты. Биыл білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65 пайызы. Демек жетісулықтар басым бағытты білім саласына бұрып отыр деген сөз.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Облыс орталығындағы көрнекті, әсем аллеяға Кеңес Одағының Батыры, жалынды ақын, әскери тілші Мұса Жәлелге ескерткіш қойылды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2022
Қобда бетіндегі Құнанбай жегжаты
Өткен айда Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда ақын-драматург, даңғыл жыршы Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханада өткен іс-шараға қатыстық. Биыл туғанына 125 жыл толып отырған Ақтан ақын – Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер және Алтай-Қобда қазақтарының әдеби фольклорлық үлгілерін заманға сай дамытқан тұлға.