Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Пойызға билетті «Күту парағынан» аласыз
Елдегі айналдырған 19 млн халықты теміржол қызметімен дұрыс қамтамасыз ете алмай отырған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жолаушылар тарапынан айтылатын сын, артылатын өкпе өте көп. Сыннан қорытынды шығарған болар, компанияның билет алудағы жаңа қызметі жолдағы қауымды қанағаттандырғандай-ау. Оның дәлелі «Күту парағы» сервисі арқылы пойызға билет алғандарың саны жарты жылда 70 мыңға таяп қалыпты.
Өндіріс • 18 Тамыз, 2023
Натрий цианидін өндіретін тұңғыш зауыт
Еліміз бойынша натрий цианидін өндіретін алғашқы әрі жалғыз зауыт «Talas Investment Company» ЖШС шетелден тасымалданған шикізатқа деген тәуелділікті түбірімен жойды. Алтын өндірісіне айрықша қажет бағалы металды басқа қоспалардан ажырату үшін қолданылатын реагент Әулиеата жерінде өндіріле бастағанына да он жылға жуықтады.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Шахтадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылған алты адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 18 Тамыз, 2023
Қолайлы инфрақұрылым, жайлы шаһар
Жыл өткен сайын ортасы толып, құлашы кеңге жайылған Астананың даму динамикасы бір сәт те баяулаған емес. Тіпті осынау қарқынды үдерістің әсерінен елорданың бастапқы Бас жоспарына бір емес, бірнеше мәрте (2001, 2011, 2016 жылдары) түзету енгізілді. Биыл Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын жіті назарға ала отырып, қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспары түзіліп жатыр.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Қару-жарақ тапсырғандарға сыйақы төленеді
Биыл заңсыз қару сақтаған 390 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал 818 азамат әкімшілік жауапкершілік арқалаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов мәлімдеді.